
«Білім басқармасының Ақмола обласы Есіл ауданы білім беру бөлімінің Жаныспай ауылының орта негізгі мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есеп
Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметке ашықтық және бірдей қолжетімділік Елбасымен мемлекеттік басқару органдарына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады. «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2020 жылы «Білім басқармасының Ақмола обласы Есіл ауданы білім беру бөлімінің Жаныспай ауылының орта негізгі мектебі» КММ (оның ішінде ведомстволық бағынысты мекемелер) мемлекеттік қызметтің 8 түрін көрсетті. Мемлекеттік қызметтерін көрсететін мекемелер:
«Білім басқармасының Ақмола обласы Есіл ауданы білім беру бөлімінің Жаныспай ауылының орта негізгі мектебі» КММ (оның ішінде ведомстволық бағынысты мекемелер) «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет алу қолжетімділігі үшін аймақта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Есіл аудандық бөлімі (Мемлекеттік корпорация) жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметті алу үдерісін жеңілдету үшін мемлекеттік корпорациясы «Connection Point» өзіне өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, ол арқылы әр клиент электрондық қызметті өзі немесе мемлекеттік корпорациясының қызметкерінің көмегімен ала алады. 2020 жылы атқарушы органдармен 44 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 33 (75%) мемлекеттік қызмет қағаз түрде мемлекеттік органдармен көрсетілген, 7 (15%) мемлекеттік қызмет халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік органдармен көрсетілген, «электрондық үкімет» порталы арқылы 4 (9%) мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Соның ішінде олар «Мектепке дейінгі білім беру ұйымына балаларды тіркеу және құжаттарды қабылдау»-1, «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімжалпы білім беретін бағдарламасы бойынша оқыту үшін ведомост қызметінен тәуелсіз білім беру ұйымына тіркеу және құжаттар қабылдау»-10, «Бөлек ауылдарда тұратын оқушыларды білім беру ұйымына және үйге жеткізу үшін тегін тасмалдауды ұсыну»- 24, «Жалпы білім беру мектептерінің оқушылары мен тәрбиеленушілеріне жеке категория бойынша тегін тамақтануды ұсыну»-2, «Негізгі орта жалпы орта білім туралы құжатты беру»- 2, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын педагогикалық қызметкерлермен оларға тең тұлғалардың біліктілік санатын беру (дәлелдеу) үшін аттестациядан өтуге құжаттарды қабылдау»-3 «Үйде баланы жеке тегін оқытуды ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау»-1, «Негізгі орта жалпы орта білім беру ұйымдарында экстранат түрінде оқытуға рұқсат беру» -1. Бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес ақысыз негізде 8, ақылы негізде - 0 қызмет түрі көрсетілді.
«Білім басқармасының Ақмола обласы Есіл ауданы білім беру бөлімінің Жаныспай ауылының орта негізгі мектебі» КММ (оның ішінде ведомстволық бағынысты мекемелер) мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекеттік органдар қажетті компьютерлермен, ұйымдастыру техникасымен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген. БАҚта мемлекеттік органдарда, мемлекеттік корпорациясы арқылы қызметтерді көрсету жөнінде, сондай-ақ e.gov.kz. порталы арқылы әр түрлі қызметтерді алу мүмкіндігі туралы материалдар ұдайы жарияланады.
2020 ж қызмет көрсету саласындағы есепті талқылау жөніндегі кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігі, қамтамассызы, қызмет алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарастыру,мемлекеттік қызмет көрсету саласында мамандардың біліктілігін арттыру, құқықтарының бұзылуына , қызмет алушылардың бостандықтары мен заңды қызығушылығына жол бермеу, қызметті көрсету бойынша оңтайландыру және автоматтандыру процестеріне шаралар қабылдау.
Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2020 жылы мемлекеттік органдармен, мемлекеттік корпорациясы арқылы және электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзу деректеріне жол берілген жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгіну барысында құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін толық құжаттар жиынтығын жинау тәртібін түсіндіреді.
Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету өз жалғасын табады.
Жалпы, 2021 жыл ағымындағы жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.