
«Ақмола облысы білім басқариасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының №2 «Болашақ» бөбекжайны»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есеп
Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметке ашықтық және бірдей қолжетімділік Елбасымен мемлекеттік басқару органдарына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.«Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2017 жылы «Есіл ауданы білім беру бөлімі» ММ (оның ішінде ведомстволық бағынысты мекемелер) мемлекеттік қызметтің 23 түрін көрсетті. Мемлекеттік қызметтерін көрсететін мекемелер:
2020 жылы атқарушы органдармен 34 (72,3%) мемлекеттік қызмет халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік органдармен көрсетілген.
«Ақмола облысы білім басқариасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Есіл қаласының №2 «Болашақ» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған. Өзіне- өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған, оның ішінде: үстел, орындығы бар, интернет желісі бар компьютер, принтер, картридер, вебкамера және күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген.
БАҚта мемлекеттік органдарда, мемлекеттік корпорациясы арқылы қызметтерді көрсету жөнінде, сондай-ақ e.gov.kz. порталы арқылы әр түрлі қызметтерді алу мүмкіндігі туралы материалдар ұдайы жарияланады. Және мектепке дейінгі мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпаратты аудандық әкімшілік ұйымдастырған "Адалдық алаңы" акциясы шеңберінде меңгеруші А.Ашенова хабарлаған.
2020 ж қызмет көрсету саласындағы есепті талқылау жөніндегі кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігі, қамтамассызы, қызмет алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарастыру,мемлекеттік қызмет көрсету саласында мамандардың біліктілігін арттыру, құқықтарының бұзылуына , қызмет алушылардың бостандықтары мен заңды қызығушылығына жол бермеу, қызметті көрсету бойынша оңтайландыру және автоматтандыру процестеріне шаралар қабылдау.
Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету өз жалғасын табады. Мемлекеттік органдар мен қызмет алушылардың байланысын азайтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін баламалы негізде мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетуге көшіру, рұқсат беру үдерістерін автоматизациялау және «Е-лицензирование» ЕЛ ММБ АЖ енгізу жөніндегі жұмыстаржалғастырылады.
Жалпы, 2021 жыл ағымындағы жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.