Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

«Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2020 жылғы қызметінің есебі

«Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер,  ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»  мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ 2020 жылғы қызметінің есебі

  1. Жалпы ережелер

          «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру,  әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызмет  көрсетуші «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ болып табылады. Заңды мекен жайы: Ақмола облысы, Есіл қ., Қонаев көшесі 15, байланыс телефоны 8(71647) 21672. Мемлекеттік қызмет   мереке және демалыс күндерінен басқа,  жұмыс күндері көрсетіледі,  кезек тәртібіне,  алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетілмейді,  9.00 дан 18.30 сағатқа дейін, түскі үзіліске  шығу 13.00  тен 14.30 сағатқа дейін.

          «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру,  әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша бір мемлекеттік қызметті келесі түрде көрсетеді:

          - жүз айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

         -  сомасы бір мың  без жүз  айлық есеп айырысу көрсеткішінен аспайтын тұрғын үй алу немесе салу  үшін бюджеттік кредит.

          2020 жылы  «Дипломмен ауылға!» жобасының  шеңберінде  сомасы  8283,6 мың теңге қаржы бөлінген о.і.:

          -мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға 4307,6 мың теңге. Он екі маманға көтерме жәрдемақы берілді (9 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 1 мәдениет);

          -бюджеттік кредиттер беруге 3976,0 мың теңге. Екі   маманға тұрғын үй сатып алу үшін несие берілді (1 білім беру, 1 мәдениет).

          Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы.

          Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы  № 183  «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім  беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау беру мөлшері бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің     2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет,спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесін және көлемдерін бекіту туралы» қаулыларының негізінде жүзеге асырылады. 

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпарат  www.economy.qov.kz. интернет-ресурсында, Мемлекеттік корпорациясы www.qov4с.kz интернет-ресурсында, Мемлекеттік қызметті көрсету біріңғай контакт-орталығында: 1414, 8 800 080 7777 Есіл ауданы әкімдігінің web-порталында, мемлекеттік қызмет көрсету орындарында  уәкілетті органның стендтерінде  орналасқан (Есіл қ. әкімдігінің ғимараты, 2 қабат).

  Халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша БАҚ  құралдарда хабардар ету аудандық "Есіл-Инфо" газеті арқылы, "Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ "Facebook" әлеуметтік желісінің ресми парақшасында жүзеге асырылады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

  Мемлекеттік қызметтер көрсету үлгісі  автоматтандырылған, демек  мемлекеттік  қызметтерді  көрсету  ашықтығын қамтамасыз етеді.

  Аудан әкімі аппараты өткізетін мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатуға бағытталған  семинар-мәжілістерде  қатысу орын алады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

  Мемлекеттік қызметті көрсету  бойынша уәкілетті органында  «Ұсыныстар және шағым журналы» бар. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне келіспеген жағдайда, бұл мемлекеттік қызметті көрсетуді  жауапты ұйымдастырушыға, қызметті алушымен жоғары тұрған уәкілетті органның басшысы  атына  шағым  беруге  болады.

   Тәртіпсіз  қызмет көрсету жағдайында уәкілетті органның басшысының атына шағым берілді.

   Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне келіспеген жағдайда  тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіпке сай сотқа  шағым беруге құқығы бар.

   Арыз  жазба түрінде рәсімделеді.

   2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметке шағымдар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

          «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ және бұдан әрі қарай  болашақтағы тиімділікті қарастыратын болады және  мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасын қызметті алушылармен қанағаттандыруды жоғарылату.

Скачать отчет

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы