
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша «Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметі туралы 2020 жылға
Есеп
Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу, мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес, «Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2020 жылы келесі қызметтерді көрсетеді: Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру, кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру, құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну, эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы көшірме беру, тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау.
2020 жылы 707 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Халыққа мемлекеттік қызмет көрсетулерді тең жетімділікте қамтамасыз ету мақсатында Есіл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде, «Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есеп, мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобалары орналастырылған. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін интернет-ресурстың бас бетінде «электрондық үкімет» веб-порталының баннері орналастырылған.
Тиісті бөлімінде ақпаратты өзектілендіру бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.
«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендтерде орналасқан.
Бөлім қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күту үшін орындықтармен жабдықталған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен қызмет алушыларға арналған фронт-офис бар, онда қажет болған жағдайда маманмен консультативтік көмек көрсетіледі.
2020 жылы "Есіл - Инфо" аудандық газетте мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мақала жарияланды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету, қолжетімділігі, мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттерін, белгіленген мерзімде қарауды көрсетілетін қызметті алушылардың арыздары, мамандардың біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызметтер көрсету саласын бұзушылықты болдырмау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін көрсетілетін қызметті алушылар бойынша шаралар қабылдау процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мемлекеттік қызметтерді көрсету.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі. 2020 жылға дейін мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімін бұзушылықтар фактілері жоқ.
Мемлекеттік органдарға өтініш берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша жүгінген кезде бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандармен мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттарды қабылдаудан - қалыптастыру тәртібі, құжаттардың толық топтамасы түсіндіріледі.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы электрондық үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.
Жалпы, 2021 жылғы жұмыс, қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталатын болады.