Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

«Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі» ММ-сі мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есебі

«Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі» ММ-сі мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есебі

  1. Жалпы жағдай

     Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметке ашықтық және бірдей қол жетімділік Елбасы мен мемлекеттік басқару органдарына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.
«Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандықмаңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру  мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы  № 193 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі  №983 Қаулысымен  Мемлекеттік қызметтер тізіміне сәйкес  2020 жылы «Ақмола облысы  Есіл ауданының білім беру бөлімі» ММ қызметтің 23 түрін көрсетті. Мемлекеттік қызметтерін көрсететін мекемелер: «Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі »ММ «Біртерезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет алу қолжетімділігі үшін аймақта«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Есіл аудандық бөлімі (Мемлекеттік корпорация)жұмысістейді. Мемлекеттік қызметті алу үдерісін жеңілдету үшін мемлекеттік корпорациясы«ConnectionPoint» өзіне өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, ол арқылы әр клиент электрондық қызметті өзіне мемлекеттік корпорациясының қызметкерінің көмегімен ала алады. 2020 жылы атқарушы органдармен 1972 мемлекеттік қызмет көрсетілді.  932 (49,5%) мемлекеттік қызмет қағаз түрде мемлекеттік органдармен,  894(46%) мемлекеттік қызмет ЭҮП арқылы электронды түрде,146 (5%)мемлекеттік корпорация арқылы
көрсетілген. Бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес ақысыз негізде 23, ақылы негізде – 0 қызмет түрі көрсетілді. Сонымен бірге, ұсынатын 23 қызмет түрлері бойынша қызмет алушылардың ЭҮП арқылы 14 қызмет түрінен, мемлекеттік корпорациясы арқылы 5 қызмет түрінен, қызмет берушіге 4 қызмет түрінен өтініш беру мүмкіндігі бар.

  1. Қызмет алушылармен жүргізілген жұмыс.

      «Ақмола облысы Есіл ауданының білім беру бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекеттік органдар қажетті компьютерлермен, ұйымдастыру техникасымен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген.   БАҚта мемлекеттік органдарда, мемлекеттік корпорациясы арқылы қызметтерді көрсету жөнінде, сондай-ақ e.gov.kz. порталы арқылы әр түрлі қызметтерді алу мүмкіндігі туралы материалдар ұдайы жарияланады.
2020 ж. Қызмет көрсету саласындағы есепті талқылау жөніндегі кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігі, қамтамассызы,  қызмет алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарастыру,мемлекеттік қызмет көрсету саласында мамандардың біліктілігін арттыру, құқықтарының бұзылуына , қызмет алушылардың бостандықтары мен заңды қызығушылығына жол бермеу,  қызметті көрсету  бойынша оңтайландыру және автоматтандыру процестеріне шаралар қабылдау.  

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау.

Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
2020 жылы мемлекеттік органдармен, мемлекеттік корпорациясы арқылы және электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзу деректеріне жол берілген жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша  мемлекеттік органдарға жүгіну барысында құжаттарды  қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін толық құжаттар жиынтығын жинау тәртібін түсіндіреді.

  1. Бұдан әрі тиімділікті және мемлекеттік қызмет көрсетусапасымен қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру басымдылықтары.

      Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету өз жалғасын табады. 
Мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен қызмет алушылар арасындағы байланыстарды барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік корпорация мен ЭҮП  арқылы баламалы негізде мемлекеттік қызметтер көрсету процедурасын аудару бойынша жұмыс жалғасады.    

    Жалпы, 2021 жыл ағымындағы жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.

Скачать отчет

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы