Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

«Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есеп

«Есіл ауданының  жер қатынастары бөлімі» ММ

 қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есеп

  1. Жалпы жағдай

Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес «Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ 2020 жылы 10 қызмет түрін көрсетті. «Бір терезе» қағидаты бойынша Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді алу үшін өңірде «Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ХҚКО департаменті Есіл ауданының бөлімі (бұдан әрі-ХҚКО) жұмыс істейді. Қызметтерді алу үдерісін жеңілдету мақсатында ХҚКО-да «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, онда әрбір клиент өз бетінше немесе ХҚКО қызметкерінің көмегімен электрондық қызметті ала алады. 2020 жылы бөліммен 673 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  1. жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту 371;
  2. жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау 3;
  3. жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын жасасу 81;
  4. жер учаскесін жалға алу шарттарын жасасу 207;
  5. ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру 11.

         288 Мемлекеттік қызмет тікелей мемлекеттік орган арқылы, 3 мемлекеттік қызмет ХҚКО арқылы, 382 Мемлекеттік қызмет ЭҮП арқылы көрсетілді. Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Сондай-ақ көрсетілетін қызметтер бойынша көрсетілетін қызметті алушылар ЭҮП, ХҚКО арқылы, тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгінуге мүмкіндігі бар.

  1. Қызмет алушылармен жүргізілген жұмыс.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Есіл ауданы әкімнің ресми интернет ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» айдарында жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы есебі, мемлекеттік қызмет стандарттарының жобалары  орналастырылған. Қолданушылардың  ыңғайлы болу үшін интернет - ресурстың бас парақшасында «электрондық үкіметтің» веб - порталының баннері орналастырылған.

Тиісті бөлімдегі ақпаратты жаңарту жөніндегі жұмыс үнемі жүргізіледі.
«Есіл ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. «Есіл ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ қажетті компьютерлермен, ұйымдастыру техникасымен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген.   БАҚта мемлекеттік органдарда, ХҚКО арқылы қызметтерді көрсету жөнінде, сондай-ақ e.gov.kz. порталы арқылы әр түрлі қызметтерді алу мүмкіндігі туралы материалдар ұдайы жарияланады.
Қызмет көрсету саласындағы есепті талқылау жөніндегі кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет.
    Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 382 электрондық қызмет көрсетілді. Аудан әкімінің аппаратында ХҚКО ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ХҚКО ЫАЖ) арқылы көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін бұзу бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі.

    4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі. 2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері жоқ. Өтініш берушілер мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық пакетін қалыптастыру тәртібін түсіндіреді.

  1. Бұдан әрі тиімділікті және мемлекеттік қызмет көрсетусапасыменқызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру басымдылықтары.

Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, оның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында халыққа мемлекеттік қызметтерді ХҚКО және "электрондық үкімет" порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмысы жалғасатын болады. Мемлекеттік органдар қызметкерлері мен қызмет алушылардың байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін ХҚО және ЭҮП арқылы баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін ауыстыру бойынша жұмыс жалғасады. Жалпы, 2021 жыл ішіндегі жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталатын болады.

«Есіл ауданы жер қатынастары бөлімі» ММ
мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі
2020 жылғы қызметі туралы есепке қосымша

 

Мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша 
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәлімет

Шағымның мәні

Шағымды қарастырған және шешім қабылдаған орган

Қаралған күн

Шағымды қарастыру қорытындысы жөніндегі  құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

1

2

3

4

5

6

7

 

 

 

 

 

 

-

Скачать отчет

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы