Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

2020 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы «Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің қызметі туралы есеп

2020 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы  «Ақмола облысы Есіл ауданы  Свободный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережелер

Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдар 7 қызмет көрсетеді.

Свободный ауылдық округінде 638 аула бар, тұрғындар саны 1424 адамды құрайды. «Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Свободный ауылы, Днепропетровская көшесі, 8, инд.: 020918 мекен-жайында орналасқан.

Тізілімге сәйкес әкім аппараты 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

- мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

- шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

- атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру;

- жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

- елді мекен шегінде объект салу үшін жер телімін беру;

-сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер телімдеріне құқық алу.

- жер учаскесін жеке меншікке бір рет немесе бөліп-бөліп сату;

2020 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Свободный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 12 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 10 қызмет;

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 2 қызмет.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушылар ЭҮП, Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша тікелей көрсетілетін қызметті берушіге стандартқа және мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес түсіндіру үшін жүгінуге мүмкіндігі бар.

Барлық мемлекеттік қызметтерге бекітілген стандарттар мен ережелер бар.

Свободный ауылдық округінде сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу);

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс.

Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартымен және қағидаларымен айқындалады. Стандарттар мен ережелердің қолжетімділігін, қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін ауылдық округ әкімінің аппаратында «мемлекеттік қызмет көрсету» стендтері ресімделген. Ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, сондай-ақ стендтерде «Электрондық үкімет»веб-порталының жаднамалары орналастырылған. Мемлекеттік органның үй-жайы қажетті ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген. Обушко көшесінде электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алу туралы ақпараты бар 2 баннер орналастырылған. Ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін Свободный ауылдық округі әкімі аппаратының кабинетінде Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, халықтың мемлекеттік қызметтерді «электронды үкімет» веб-порталы арқылы алуы үшін интернетке шығатын компьютері бар. Egov.kz. жүгінген әрбір азамат мемлекеттік қызметті электрондық түрде өз бетінше немесе маманның көмегімен, өзімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) ала алады. Мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында, Мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің қызметкерлерімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлерін, Мемлекеттік қызметтерді көрсететін бөлімдердің мамандарын тарта отырып, БАҚ-та жариялау, оқыту семинар-кеңестерін өткізу сияқты түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі.

4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық пакетін қалыптастыру тәртібін түсіндіреді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөліміне көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жұмысы туралы ай сайын есеп беру болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдардың болмауы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері болып табылады.

Ауылдық округ тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының тұрақты бақылауында.

  1. Одан әрі тиімділігін арттыру перспективалары көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы

Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, оның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында халыққа мемлекеттік қызметтерді ХҚКО және «электронды үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмысы жалғасатын болады.        

Мемлекеттік органдар қызметкерлері мен қызмет алушылардың байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін ХҚО және ЭҮП арқылы баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін ауыстыру бойынша жұмыс жалғасады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі қазіргі заманғы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі болып табылады – мемлекеттік қызметтер көрсетудің инновациялық және тиімді стандарттарын енгізу мемлекеттік шығыстарды қысқартуға, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге және азаматтар тарапынан үкіметке деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы, 2021 жыл ішіндегі жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталатын болады.

Скачать отчет

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы