
Есіл ауданы Московский ауылы әкімінің Мемлекеттік қызметтері көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы 2020 жылғы
Есебі
Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептің жария талқылауларын өткізу, ең алдымен, жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар, жетекшілік ететін салада қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіміне сәйкес, "Ақмола облысы Есіл ауданы Московский ауылы әкімі аппараты" ММ 2020 жылы 4 қызмет түрін көрсетті:
«Бір терезе» қағидаты бойынша Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді алу үшін Есіл ауданында "Азаматтарға арналған үкімет "МК" КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалының ХҚКО департаменті Есіл ауданының бөлімі (бұдан әрі-ХҚКО) жұмыс істейді.
2020 жылы "Ақмола облысы Есіл ауданы Московский ауылы әкімі аппараты" ММ 5 Мемлекеттік қызмет көрсетті: -Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарын алу- 5 дана.
Электрондық үкімет порталы арқылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер-182 дана.
Бекітілген Мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес аталған қызметтер тегін, уақытылы, сапалы, қолжетімді түрде ұсынылды. Московский ауылы әкімінің өкіміне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға бас маман Н.В.Адарченко.
Тұрғындарды мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік ғимаратында ақпараттық тақталарда мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттері, ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің өтініш үлгілері орналастырылған. Мемлекеттік органның үй-жайы қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына арналған ұйымдастыру техникасы бар. Әкімшілік ғимаратының жанында Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық сипаттағы баннерлер орналастырылған. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шақыру түймесі мен пандус орнатылған. Ауылда мемлекеттік қызмет көрсету процесінің қолжетімділігін, ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді. Ауыл тұрғындары үшін әкімшілік ғимаратында Мемлекеттік қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алуға ыңғайлы болу үшін "Egov" бұрышы жұмыс істеуін жалғастыруда. 2020 жылдың қорытындысы бойынша осы бұрыш арқылы 58 электрондық қызмет көрсетілді. Электрондық үкімет порталынан түскен өтініштер уақытылы өңделді.
Ауылда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі. 2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері жоқ. Өтініш берушілер мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық пакетін қалыптастыру тәртібін түсіндіреді. Есепті кезеңде қызмет алушылардан көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін шағымдар түскен жоқ.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, оның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында халыққа мемлекеттік қызметтерді ХҚКО және "электрондық үкімет" порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады. Мемлекеттік органдар қызметкерлері мен қызмет алушылардың байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін ХҚО және ЭҮП арқылы баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін ауыстыру бойынша жұмыстар жалғасады. Жалпы, 2021 жыл ішіндегі жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталатын болады.