
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2020 жылдағы қызметі туралы есеп
Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес жүзеге асырылады. 2020 жылы округ әкімінің аппаратымен 13 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, 11 - Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, 2-жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру. «E-gov» бұрышы арқылы 57 электрондық қызмет көрсетілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық түрі тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалармен айқындалады. Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің қолжетімділігін, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін ауылдық округ әкімінің аппаратында "мемлекеттік қызмет көрсету"стендтері ресімделген. Ақпараттық стендтерде жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ережелер, сондай-ақ стендтерде "электрондық үкімет" веб-порталының жаднамалары орналастырылған.
Бірінші кезекте мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін автоматтандыруға және оның электронды түрде көрсетілу сапасын арттыруға көңіл бөлінеді. Бұл үшін əкім аппаратында қызметті алушылармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алуға арналған "Egov" бұрышы жабдықталды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын іштей бақылау бойынша жұмыс үнемі жүргізіліп тұрады. Барлық қызметтер мерзімінде көрсетіледі. 2020 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қатысты шағымдар, ескертулер және ұсыныстар келіп түскен жоқ.
5.Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша қызмет алушыларды қанағаттандыру және келешектегі тиімділігі
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы Мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады. Жалпы, 2021 жылдың ішіндегі жұмыс мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қызмет алушылардың қанағаттануын қамтамасыз етуге бағытталады.