
2020 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету туралы Ақмола облысы Есіл ауданының Есіл қаласы әкімінің қызметі туралы есеп
Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметке ашықтық және бірдей қолжетімділік Елбасымен мемлекеттік басқару органдарына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес «Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2020 жылы 4 қызмет түрін көрсетті.
2020 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 124 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП, ХҚКО арқылы және тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну мүмкіндігі бар.
Барлық мемлекеттік қызметтерге бекітілген стандарттар мен регламенттер бар.
Есеп беру кезеңінде неғұрлым сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер: жер қатынастар саласында.
«Ақмола облысы Есіл Есіл қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған. Жергілікті қоғамдастық жиналыстарына (жиындарына) тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағында тиісті баннерлер орналасқан.
Мемлекеттік органдар қажетті компьютерлермен, ұйымдастыру техникасымен, күту үшін орындықтармен қамтамасыз етілген. Ғимарат алдында қатты асфальт-бетон жабыны, тұрақ дүңгершіктерімен, қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз етілген демалыс орындары бар. Ғимаратқа кіре берісте басып шақыру түймесімен пандус орналасқан. Пандусқа өту ашық, ешқандай кедергілер жоқ, шақыру түймесі жұмыс істейді. Қызмет көрсетуші кабинетінің жай- күйі қанағаттанарлық жағдайда. Барлық кабинеттер мен дәліздерде қуаты 28-32 Вт жарықдионды офистік үлгідегі шамдар орнатылған.
2020 жылы БАҚта мемлекеттік органдарда, ХҚКО арқылы қызметтерді көрсету жөнінде, сондай-ақ e.gov.kz. порталы арқылы әр түрлі қызметтерді алу мүмкіндігі туралы материалдар ұдайы жарияланады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша қызмет көрсету саласындағы есепті талқылау жөніндегі кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Есіл ауданы Есіл қаласы әкімі аппаратының ғимаратында өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы бар, «электрондық үкімет» веб-порталы Egov.kz арқылы халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін интернетке қосылған компьютер жұмыс істейді, онда әрбір жүгінген адам мемлекеттік қызметтерді ала алады
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін көрсетуді оңтайландыру ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұрақты негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттар тізбесі, сондай-ақ оны көрсету процесінің буындары қысқартылды.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
«Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» ММ мамандары арасында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқыту іс-шаралары өткізіледі. Әкім және мамандар аудандық семинарларға қатысады..
3) Мемлекеттік қызмет көрсету жосықтарын нормативті-құқықты жетілдіру.
«Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 88 - V заңын, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін басшылыққаалады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі. 2020 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық пакетін қалыптастыру тәртібін түсіндіреді.
Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөліміне көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жұмысы туралы ай сайын есеп беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы, оның ішінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтермен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында халыққа мемлекеттік қызметтерді ХҚКО және "электрондық үкімет" порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмысы жалғасатын болады. Мемлекеттік органдар қызметкерлері мен қызмет алушылардың байланыстарын барынша азайтуды қамтамасыз ету үшін ХҚО және ЭҮП арқылы баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін ауыстыру бойынша жұмыс жалғасады.
Жалпы, 2020 жыл ішіндегі жұмыс қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталды.