Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімі аппаратының қызметінің есебі

2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы  әкімі аппаратының қызметінің

Есебі

  1. Жалпы ереже

         Жоғары сапалы мемлекеттік қызметттерге ашық және бәріне бірдей қол жетімділік, Елбасымыздың мемлекеттік басқару органдарының алдында қойған негізгі талаптарының бірі.    

ҚР Үкіметінің 2013 жылы 18 қыркүйекте № 983 бекітілген  қаулысына сәйкес, «Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты»ММ 2020 жылы 5 қызмет түрін көрсетті. 2019 жылында атқарушы органмен 32 мемлекеттік қызмет көрсетілді оның ішінде -29 (жер учаскесін жеке меншік құқығына беру туралы), 1- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім шығару, 2- бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату.

Бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес  тегін 5 қызмет түрі көрсетіледі, ақылы түрде – 0. Сонымен қатар көрсетілетін 4 қызмет түрлері бойынша, қызмет алушылар ЭҮП арқылы жүгінуге мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер арасында сұранысқа ие болған: жер қатынастары саласындағы қызметтер

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

         «Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында орналасқан қалқаншаларында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша ақпараттар орналасқан, ол стандарттар мен регламентталған мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Тұрғындар арасында жиналыстарда түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. «Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының сыртында  сәйкес баннерлер орналастырылған.

          Халыққа қызмет көрсету жағдайларын жасау бойынша шаралар қолданылуда. Мемлекеттік орган барлық қажетті компьютерлік, оргтехникасымен жабдықталған, күтіп отыратын орындары да бар. Әкімшілік ғимаратында «Еgov» өзіне - өзің қызмет көрсету пункті жабдықталған және қызмет көрсетеді. «Еgov» мемлекеттік қызметті алу бойынша өзіңе - өзің қызмет көрсету бұрышында толық ақпарат орналастырылған. «Еgov» бұрышы арқылы 2019 жылы 117 қызмет көрсетілген.

2019 жылы БАҚ мемлекеттік органдарында, ХҚКО арқылы, сонымен қатар  басқада қызмет түрлерін e.gov.kz. порталы арқылы қызмет алу мүмкіндігі туралы мақалалар жарияланған. 2019 жылдың қорытындысын  көпшілік алдында  талқылағанда мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызмет көрсету бойынша шағымдар мен ұсыныстар түскен жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін жетілдіру бойынша іс шаралар
  • Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін автоматтандыру мен

жетілдіру нәтижелері.

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіп бойынша  мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру, тұрақты түрде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету процесстерін жетілдіру үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері қысқартылды, қызмет алушылармен ұсынатын құжаттар тізімі, сонымен қатар қызмет көрсету процестерінің буындары да азайды.

       2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

«Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты»ММ қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оқыту іс-шаралары жүргізіледі. Әкіммен және бас мамандар аудандық семинарларға қатысады.

  • Мемлекеттік қызмет көрсетудің процестерін нормативті – құқықтық

жетілдіруі.

         Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының Заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді де «Мемлекеттік қызметтер туралы» занынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықтық актілерінен тұрады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ішкі сапасын бақылау бойынша жұмысы үнемі жүргізіледі.
         2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуде белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері болған жоқ. Мемлекеттік қызметі бойынша құжаттардың қабылдаудан бастартудың  болдырмау мақсатында өтініш берушілердің мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет алу үшін жүгінген уақытында мамандар толық құжаттарды жинау тәртібін түсіндіреді.

1) өтініш берушілерден мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша келіп түскен шағымдары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңнамасына сәйкес ерекшеліктерін ескере отырып қарастырылады.

Қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша шағымдар туралы ақпараты түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының ішкі бақылау нәтижесі. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүргізу және сапасын бақылау заңнамалық, объективті, сенімділік, жанжақтылық, мөлдір және бейтарапты принциптерге сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасымен  жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау нәтижелері, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті органымен жүргізілгендегі нәтижесі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының өтініш берушілерді жоғары қанағаттандыру

және келешектегі тиімділік перспективалары 

         Келешекте жеке және заңды тұлғаларды  сапалы және қол жетімді сонымен қатар электронды форматтағы мемлекеттік қызметпен қамтамасыз ету меқсатында, 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді ХҚКО-ры арқылы, «Электронды үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланады. Өтініш берушілермен мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен қарымқатынасын азайту үшін, мемлекеттік қызметтер баламалы түрде ХҚКО-ры және ЭҮП арқылы қызмет көрсетілу мақсатында жұмыстары жүргізілуде.
         Жалпы, 2020 жылы Ақсай ауылы әкімі аппаратының жұмысы өтініш берушінің мемлекеттік қызметтер сапасымен қанағат болу үшін бағытталады.

Скачать отчет

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы