
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қазақстандықтардың арнайы шоттарына 112,3 миллиард теңгеден астам қаржы аударды
2021 жылғы 1 және 2 ақпанда Бірыңғай зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың алғашқы екі күнінде БЖЗҚ уәкілетті операторларда ашылған салымшылардың арнайы шоттарына 112,3 миллиард теңгеден астам қаржы аударды. Осылайша, "Отбасы банк "тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ және "Қазақстан Халық банкі"АҚ уәкілетті операторларынан келіп түскен ЖБЕК алуға 20 252 өтінім орындалды.
Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің 2021 жылғы 19 қаңтардағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу, оларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидалары 2021 жылғы 30 қаңтарда күшіне енді.
Қағидаларға сәйкес, жинақтарды уәкілетті операторға аудару салымшының уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға өтініші келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын нысаналы пайдалану шарттарына байланысты барлық мәселелерін уәкілетті оператор "бір терезе" қағидаты бойынша қарайды және арнайы шотқа ақша түскеннен кейін осы мәселелер бойынша БЖЗҚ-ға жекелеген өтініштер талап етілмейді.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ "ЖЗҚ"АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ мына сілтеме бойынша www.enpf.kz)