
2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап
төлемдердің көлемі арттыруы туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 02 желтоқсандағы «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін айлық есептік
көрсеткіш (АЕК) – 2 917 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін күнкөріс
минимумының (КМ) шамасы – 34 302 теңге;
- жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге болып анықталған.
2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7% -ға арттырылады.
2021 жылы жаңадан тағайындалған зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін ең жоғары табыс 46 АЕК-тен аспауы керек (134 182 теңге).
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері; мүгедектік бойынша және асыраушысынан айрылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, бала кезінен 1-ші топтағы мүгедек балаға күтім жасайтын отбасыларға (тұлғаларға) мемлекеттік жәрдемақы КМ мөлшерінің 5%-ға өсуіне байланысты 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап арттырылады.
№1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері, бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толғанға дейін,оған күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы, «Күміс алқа» немесе бұған дейін «Батыр ана» атағын алған және «1,2 дәрежелі Аналық Даңқы» орденімен марапатталған, 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап АЕК мөлшерінің 5% өсуіне байланысты арттырылады.
(теңге)
|
|
2020 г. мөлшері |
2021 г. мөлшері |
|
зейнетақының ең төмен мөлшерi |
40 441 |
43 272 |
|
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері |
17 641 |
18 524 |
|
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) |
2 778 |
2 917 |
|
күнкөріс минимумының шамасы (КМ) |
32 668 |
34 302 |
|
жалақының ең төмен мөлшерi |
42 500 |
42 500 |
Мысалы,
(теңге)
|
|
2020 г.мөлшері |
2021 г.мөлшері |
|
1 топ |
62 723 |
65 860 |
|
2 топ |
49 983 |
52 483 |
|
З топ |
33 975 |
35 675 |
(теңге)
|
|
2020 г. мөлшері |
2021 г. мөлшері |
|
Асырауындағы 1 балаға |
28 095 |
29 500 |
|
Асырауындағы 2 балаға |
48 676 |
51 110 |
|
Асырауындағы 3 балаға |
60 436 |
63 459 |
|
Асырауындағы 4 балаға |
64 030 |
67 232 |
|
Асырауындағы 5 балаға |
66 317 |
69 634 |
|
Асырауындағы 6 және одан көп балаға |
68 930 |
72 378 |
(теңге)
|
|
2020 г. мөлшері |
2021 г. мөлшері |
|
1-ші, 2-ші, 3-ші бала туу бойынша |
105 564 |
110 846 |
|
4-ші және одан көп бала туу бойынша |
175 014 |
183 771 |
(теңге)
|
|
2020 г. мөлшері |
2021 г. мөлшері |
|
1 балаға күтімі бойынша |
16 002 |
16 802 |
|
2-ші балаға күтімі бойынша |
18 919 |
19 865 |
|
3-ші балаға күтімі бойынша |
21 808 |
22 899 |
|
4-ші және одан көп балаға күтімі бойынша |
24 725 |
25 962 |
Барлық сұрақтар бойынша әлеуметтік-еңбек саласындағы байланыс орталығына - 1411 «Азаматтарға арналған үкімет» қызметіне қоңырау шалуыңыз керек (тегін қоңырау). Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9-дан 20-ға дейін.
«Азаматтарға арналған үкімет»МК»
КЕАҚ Ақмола облысы бойынша
филиалының әлеуметтік төлемдерді
мониторингілеу басқармасы