Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ студенттерге арналған онлайн-дәріс өткізді

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

БЖЗҚ студенттерге арналған онлайн-дәріс өткізді      

 

         Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстандық зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. БЖЗҚ-ның халықпен тілдесу үшін таңдаған бұл жолғы тәсілі – Қордың болашақ салымшылары, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған онлайн-лекция болды.

         Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бакалаврлары және магистранттарымен кездесу қашықтықтан онлайн пішімде өтті және жүзден астам қатысушыны жинады. Дәріс барысында Қор басшылығы мен мамандары әлемде қандай зейнетақы модельдері бар екенін, қазақстандық зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейтінін қолжетімді түрде түсіндірді, көрнекілік кестелердің көмегімен үйлестіруші зейнетақы жүйесінен жинақтаушы жүйеге көшу қажеттілігін және көптеген басқа да мәселелерді түсіндірді.

         Математикалық мамандық студенттерін БЖЗҚ-ның актуарлық есептері туралы таныстыру тұсаукесері көбірек қызықтырды. Атап айтқанда, Қазақстандағы демографиялық үрдістер және олардың ел экономикасына әсері студенттерді елең еткізді. Өйткені, БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдарына сәйкес Қазақстанда 65 жас және одан жоғары жастағы халық үлесінің екі есеге ұлғаюы (БЖЗҚ болжамы бойынша ағымдағы 7,3%-дан 14,2%-ға дейін және БҰҰ болжамы бойынша 14,1%-ға дейін) орын алуы мүмкін. Бұған қоса, Қазақстан халқының қартаюы нәтижесінде халық үлесінің 25 жасқа дейінгі (БЖЗҚ болжамы бойынша -3,2% және БҰҰ болжамы бойынша -4,5%) және 25 жастан 65 жасқа дейінгі «еңбекке қабілетті жастағы халық» үлесінің (БЖЗҚ болжамы бойынша -3,1% және БҰҰ болжамы бойынша -1,7%) төмендегені байқалады.

         ХАТУ ерекшелігіне және ондағы ақпараттық технологиялар мамандықтарының көптігіне байланысты онлайн-кездесудің тұтастай бір бөлігі БЖЗҚ-ның электрондық сервистері мен ақпараттық жүйелерінің жұмысына арналды. Коронавирус індетіне және енгізілген шектеу шараларына байланысты Қор қызметкерлерінің едәуір бөлігі қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды, бірақ бұл БЖЗҚ-ның толыққанды жұмыс істеуіне кедергі болмады. Сондай-ақ, жаңа технологиялардың дамуы мен Қор салымшылары үшін барлық қызметтердің электрондық жүйелерінің жақсы жұмыс істеуінің арқасында 2020 жылы қызметтердің 92% астамы онлайн форматта өткізілді. Өткен жылмен салыстырғанда электрондық қызметтердің танымалдығы 15,2% өсті. Қазіргі уақытта қызметтердің толық спектрін салымшылардың көпшілігі үйден шықпай-ақ алады. Сонымен қатар  кездесу барысында ақпаратты жинау, іздеу, сақтау, өңдеу үдерісі мен әдісі бойынша жұмыстың қыр-сыры талқыланды.

         БЖЗҚ жастарға айналып соқпай қоймайтын кәрілікті лайықты қарсы алу үшін өздерінің зейнетақы шоттарын жүйелі түрде толықтырудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіру мақсатында болашақта студенттермен осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
20 ноября 2020
Дата обновления
20 ноября 2020
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы