Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Жаңа жәрдемақылар

Ағымдағы жылғы мамыр айынан бастап белгілі бір санаттағы адамдар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың жаңа мөлшері белгіленді. Сонымен қатар, жақында арнайы мемлекеттік төлемдердің жаңа түрлері пайда болды.

             Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына сәйкес 2020 жылғы 18 мамырдан бастап келесі арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың жаңа мөлшері белгіленді:

  • 1988-1989 жылдардағы Чернобыль апатының салдарынан болған адамдардан, Қазақстан Республикасынан шығару және қоныстандыру аймақтарынан эвакуацияланған (өздігінен кететін) адамдар, оның ішінде эвакуация күні жатырдағы күйінде болған балалар – 13 335 теңге (4,8 АЕК) ;
  • Ұлы Отан соғысына қатысқандар арасынан Социалистік Еңбек Ерлері - 385 115 теңге (138,63 АЕК);
  • Үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің кавалері, Социалистік Еңбек Ерлері - 385 115 теңге (138,63 АЕК).


Сонымен қатар, 2020 жылғы 18 мамырынан бастап арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың жаңа түрлері енгізілді:


- тәжік-ауған аумағында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекара қорғанысын күшейту жөніндегі келісімдерге және мемлекетаралық келісімдерге сәйкес тапсырмаларды орындайтын Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 13 335 теңге (4,8 АЕК);


- Иракта халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - 13355 теңге (4,8 АЕК);


- Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшылық және қарапаым құрамының тұлғаларына - 13 335 теңге (4,8 АЕК).

Осыған байланысты төлемдердің жоғарыда көрсетілген жаңа түрлеріне құқығы бар адамдар жәрдемақы алу үшін халыққа қызмет көрсету бөлімдеріне немесе электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүгіне алады. Өтініш беру кезінде сізде болуы керек: жеке басын куәландыратын құжат, жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжаттар (әскери комиссариаттың басқа елдердегі соғыс қимылдарына қатысқаны туралы анықтама).

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз 1411 «Азаматтарға арналған үкімет» телефоны бойынша әлеуметтік-еңбек саласының байланыс орталығына хабарласуыңызға болады (қоңырау шалу тегін). Байланыс орталығының жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін - күн сайын.

 

«Азаматтарға арналған үкімет» Ақмола облысы бойынша филиалының Баспасөз қызметі

Дата публикации
03 ноября 2020
Дата обновления
03 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы