Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Күнтізбелік жоспарды бекіту туралы

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының                 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» 2020 жылғы 21 қазандағы № 439  Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілген.
  2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалар мен аудандардың әкімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерімен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауын өткізу кезеңінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
  3. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасының сайлау комиссиялары сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.
  4. 4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.

 

Төраға

Б. Имашев

 

 

Хатшы     

С. Мұстафина

 

Нұр-Сұлтан қаласы,

2020 жылғы 21 қазан,

№ 29/332

                                                                                               Қазақстан Республикасы

                                                                                               Орталық сайлау  комиссиясының

2020  жылғы 21 қазандағы

№ 29/332 қаулысына қосымша

 

 

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған,
партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК  ЖОСПАРЫ

 

 

1. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2020 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей  

 (13-б. 4-т.)

 

2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзім ішінде

 2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

 

3 Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

4. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну

 

Саяси партияның жоғары органы

Сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша он сегіз сағатта аяқталады 2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 30 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00-де аяқталады          

(87-б.)

 

5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына партиялық тізімді, саяси партияның жоғары органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмені  азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы  өтініштерімен бірге ұсыну                                    

 

Саяси партиялардың жоғары органдары

2020 жылғы 10 қарашада басталады және                        30 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18-00 аяқталады          

(87-б. 2-т., 3-т.)

6. Партиялық тізімдерге енгізілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Саяси партия партиялық тізімін ұсынғаннан кейін

 

 (86-б.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсыру

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Партиялық тізім тіркелгенге дейін

                                                                           (89-б. 2-т.)

8. Партиялық тізімдерді тіркеу                                                                                                                        

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған бір ай қалғанда жергілікті уақыт бойынша он сегіз сағатта аяқталады

2020 жылғы 10 қарашада басталады және 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 18-00 сағатта аяқталады          

                                                                            (89-б. 8-т.)

 

9. Партиялық тізімдердің тіркелгені туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Партиялық тізімдер тіркелгеннен кейін оныншы  күннен кешіктірмей

                     (89-б. 6-т. 1) т.)

 

10. Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркеу

                           

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Саяси партия сенім білдірілген адамдарының тізімін тіркеу үшін ұсынғаннан кейін

(14-б. 2-1) т., 31-б.)

 

11. Саяси партия ұсынған кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын            тексеру

Мемлекеттік кірістер органдары

Партиялық тізім тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                                 (89-б. 2-т.)

 

12. Саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетенiне енгізу бойынша жеребе тартуды өткізу                                                                                                                       

                           

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Партиялық тізімдер тіркелгеннен кейін

(37-б. 1-т.)

 

13. Саяси партиялардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу                       

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Партиялық тізім тіркелгеннен кейін

                                                                          (34-б. 6-т.)

 

14. Саяси партиялардың арнаулы шоттарына қаражаттың келіп түскені туралы және оның жұмсалғаны туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

                           

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 ҚР ОСК қаулысымен бекітілген, ҚР Әділет министрлігінде 1999 жылғы             20 тамыздада № 870 тіркелген Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына сәйкес айына екі рет

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру                                    

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалған күннен бастап, 2020 жылғы        10 желтоқсанға дейін 

                                                                          (28-б. 6-т.)

 

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу                                           

 

Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 

2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 18-00 сағаттан кейін басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда  жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

                                                                (27-б2-т.)

17Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                          (28-б. 4-т.)

 

         18Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша учаскелік сайлау комиссиясына ұсыну                                           

                                  Тиісті әкімдер

                                  Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын                                                                        

                                  2020 жылғы 21 желтоқсаннан кешіктірмей

                                                                              (24-1 б1т.)

 

19Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну                                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн  қалғанда

2020 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей

 (26-б. 1-т.)

         20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету    

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2020 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

21.  Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

                           

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау күніне дейінгі жеті күннен кешіктірмей

2021 жылғы 3 қаңтардан кешіктірмей

                                                                 (38-б. 1-т., 3-т.)

 

22. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу

                           

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Дауыс беру күніне бес күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша он сегіз сағатта аяқталады

2021 жылғы 4 қаңтарда саған 18-00-де аяқталады

(20-2-б. 2-т., 4-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                

 

Аумақтық  сайлау комиссиялары

Сайлауға дейінгі үш күннен ерте емес және оған дейінгі бір күннен кешіктірмей

2021 жылғы 7 қаңтардан ерте емес және 9 қаңтардан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

                                                                          (40-б. 1-т.)

25. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

26. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

 

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                                  

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

 

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына ұсыну                                                 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(94-б. 1-т.)

 

29. Сайлау нәтижелері туралы хаттамаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының сайлау комиссияларына ұсыну

                           

Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(94-б.)

 

30. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы бойынша сайлау нәтижелері туралы хаттамаларды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және астана сайлау комиссиялары

Сайлау күнінен бастап екі күндік мерзімнен асырмай

2021 жылғы 12 қаңтардан кешіктірмей 

 (94-б. 2-т.)

 

31. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау                  

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күндік мерзімнен кешіктірмей

2021 жылғы 17 қаңтардан кешіктірмей 

(12-б. 10) т., 44-б. 1-т., 97-б.)

 

32. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың қорытындыларын  хаттамаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                  

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей

2021 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей 

(12-б. 10) т., 44-б4-т. 1) т.)

 

33Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсыну

                           

Саяси партиялар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей

(34-б. 9-т.)

34. Саяси партиялардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде                                                                              

(34-б. 4-т.)

 

         35. Сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру   

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

                                   (12-б. 10) т., 45-б., 46-б. 2-т., 98-б.)

       

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
26 октября 2020
Дата обновления
26 октября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы