Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

«Blockchain» технологиясы Мемлекеттік қызмет көрсету жылдамдығын қалай арттырады

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы серіктес банктермен бірлесіп «Blockchain» технологиясы арқылы заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлік кепіліне тіркеу сервисін іске қосты.

Бұл сервис Мемлекеттік корпорация мен екінші деңгейлі банктер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақ тастық аясындағы жобалардың жалғасы.

Заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлкін кепілге қойып, онлайн рәсімдеу арқылы несие беруді жеңілде тусынды банк саласындағы «Blockchain» технологиясының мүмкіндіктерінің арқасында мәмілелерді тіркеуге жұмсалатыну ақыт бірнеше есе қысқарады. Нәтижесінде, құжат жинау қажеттілігі мен қызметалушы мен қызмет көрсетушінің бетпе-бет кездесу талабының жойылуының арқасында кепілді тіркеу мерзімі 3 күннен 1 сағатқа қысқарады.

Жалпы Мемлекеттік корпорация мен екінші деңгейлі банктер арасындағы ынтымақ тастық аясында жеке тұлғаларға кепіл түріндегі ауыртпалықтарды тіркеу және оны тоқтату, әлеуметтік әлсіз топтарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша жалдау шартын жасау, сондай-ақ жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату және беру шарттарын рәсімдеу секілді қызметтер көрсетіледі.

2024 жылы «Blockchain» технологиясы арқылы қарыз шарты бойынша талап ету құқығын беру, шарт талаптарының өзгеруіне байланысты ауыртпалықтарды өзгерту, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайларды кепілге қою шартын тіркеу қызметтері де іске қосылды.

Бүгінгі күнге дейін «Blockchain» технологиясы арқылы 360 мыңнан астам өтінім қарастырылды. Жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтарды тіркеу 2024 жылы өткен жыл мен салыстырғанда 1,5 есеге артты, яғни 87,8 мың операциядан 131,7 мыңға дейін өсті.

Жаңа технологияны пайдалану бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды және Алматы облыстары жоғары белсенділік танытты.

Жаңа сервис «Blockchain» технологиясын қолдану арқылы көрсетілетін қызметтер қатарын кеңейтіп, банктер тарапынан түсетін шарттардың барлық ауқымын жылжымайтын мүлікті (ауыртпалық құқықтарын) электронды тіркеуге аудару.

 

 

 

Дата публикации
28 июля 2025
Дата обновления
28 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы