
«Наурызнаманы» мерекелеу қарсаңында, «Жаңашыр жүрек» республикалық қайырымдылық акциясы аясында, Есіл ауданының кәсіпкерлер палатасының алаңында, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Есіл аумақтық инспекциясымен бірлесіп, жергілікті кәсіпкерлер үшін, «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Акция ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсету қамқорлығымен өтіп жатқанын ескере отырып, мүгедектік тобы бар кәсіпкерлер шақырылды.
Кездесу барысында аудан кәсіпкерлері үшін, бизнес жүргізу және қолданыстағы жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламалары талқыланды.
Инспекция тарапынан, ыстық тамақ дайындау ұйымының басшыларына ет және ет өнімдерін сатып алу және өткізу бойынша түсініктемелер берілді.
Сондай-ақ, акция аясында қатысушылар үшін зияткерлік демалыс және шай кеші ұйымдастырылды.
Инспекция басшысы – Сапабек Тасымов және кәсіпкерлер палатасының директоры – Ярославна Саржевская барлығын келе жатқан мерекемен құттықтап, зор денсаулық пен кәсіптеріне өркендеу тіледі!
#АқмолаоблысыныңКәсіпкерлерПалатасы