
2024 жылы халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған ХҚКО арқылы 500 000 астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ қазақстандықтар 600 мың астам қызметті Сonnection point өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы алған.
Айта кетсек, ХҚКО арқылы шамамен 500 000-ға, МХҚКО арқылы 80 000-ға жуық қызмет көрсетілген. Атап өткенде, алғашқы үштікке келесі мемлекеттік қызметтер кірді: көлік құралдарын тіркеу, жеке куәліктер мен төлқұжат алу, ҚР ҰКО тіркеу куәлігін алу мен оны қайтарып алу. Ең көп өтініштердің саны Көкшетау, Щучинск, Қосшы және Целиноград ауданында тіркелді.
«Мемлекеттік корпорация әрдайым тұтынушылардың жайлылығы мен ыңғайлылығына басымдық береді. Біз өз қызметтерімізді қолжетімді және ыңғайлы ету үшін оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отырамыз. Біздің мақсатымыз – барлық процестердің ашық әрі қауіпсіз екеніне кепілдік беру арқылы әрбір адамға қызмет алу мүмкіндігін қамтамасыз ету», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорация Басқарма Төрағасының орынбасары Айбат Ілиясов.
Мемлекеттік корпорация азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған инновациялық шешімдерді тұрақты негізде енгізуде. Мәселен, «ХҚКО» мобильді қосымшасының функционалдығы айтарлықтай кеңейтілді. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және мамандандырылған ХҚКО-ларда дербес менеджерлер практикасы енгізілді, бұл жеке жұмыс істеудің деңгейін арттырып, қызметтерді алу процесін жақсартады.