Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ мамандары жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы бірегей шеберлік сабағын өткізеді

Жыл сайын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі БЖЗҚ, Қор) БАҚ өкілдерін, блогерлерді, сондай-ақ, журналистика факультеттерінің студенттерін барлық мақсатты аудиториялар үшін қызықты болатын жедел және өзекті материалдарды дайындау құпияларымен бөлісу үшін жинайды. 2024 жылы мұндай іс-шара онлайн-форматта 07 қараша күні орыс тілінде, ал 08 қарашада қазақ тілінде сағат 10.00-ден 12-30-ға дейін өтеді.

Екі күн ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласының мамандары қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сабақтарын өткізеді.

Курс бағдарламасында түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады:

- Әлемдегі зейнетақы жүйелерінің түрлері мен негізгі түсініктері, демографиялық трендтердің зейнетақымен қамсыздандыруға әсері. Қазақстандағы зейнетақы жүйесі. БЖЗҚ қызметі (Неліктен көптеген елдер зейнетақы жүйесінің жинақтаушы және аралас түріне көшуде?

- Зейнетақы активтерін ҚР ҰБ-тың басқаруы (зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланатыны туралы таныстырылым)

- Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық банкінің басқаруы (зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланып жатқаны туралы таныстырылым)

- Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруда.  (Инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар (ИПБ) туралы ақпаратты қайдан алып оқуға болады?)

- Зейнетақыны жоспарлау құралдары. (Болашақ зейнетақыны 20-30 жыл бұрын есептеп, өзгертуге бола ма?)

- Зейнетақы жинақтарынан төлемдер (БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері, оларды алу тетігі, enpf.kz сайтынан ақпаратты қалай табуға болады?).

- БЖЗҚ-ның ақпараттық жұмысы. ЖЗЖ туралы қызық материалды алғашқы көзден алынған ақпараттар негізінде қалай дайындауға болады? (БЖЗҚ-ға қандай сұраныстармен жүгінген жөн, Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпарат алудың тікелей арналары: enpf.kz сайты, әлеуметтік желілер, press@enpf.kz, БЖЗҚЕНПФ YouTube-арнасы - қазақстандық және халықаралық сарапшылардың эксклюзивті пікірлері) 

Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді өзіңіз туралы мына мәліметтерді көрсете отырып: ТАӘ, БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы, қатысу күні, электрондық мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесін жіберу үшін), press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет.

Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
30 октября 2024
Дата обновления
30 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы