Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Болашағымызға деген қамқорлық бүгіннен басталады: зейнетақымызды болжаймыз және жоспарлаймыз

2024 жылдың 20 қыркүйегінде "БЖЗҚ" АҚ-ның барлық филиалдарында "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары" тақырыбында дәстүрлі Ашық есік күні өтті.

Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің 26 жылдығын атап өтті. Осы уақыт ішінде жас қазақстандықтардың тұтастай бір буыны өсті. Жастар енді мемлекеттік бюджеттен ортақ зейнетақы төлемдерін ала алмайды. Десек те, лайықты зейнетақыны өз бетінше қалыптастыру мүмкіндігіне ие. Сондықтан, қарттық шақтағы өміріңіз жайлы болу үшін, зейнетақыны жас кезден бастап жоспарлау қажет.   

Өздеріңізге белгілі, қазір қазақстандық зейнетақы жүйесі бірнеше деңгейден және төлем көздерінен тұрады: мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ бөліктер түссе, жинақтаушы бөлік БЖЗҚ-ға аударылатын міндетті және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылады. Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі үш тарапқа бөлінген, олар: мемлекет, азаматтар және жұмыс берушілер. Сондықтан, қызметкер үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аударуын қадағалап, өзінің болашақ зейнетақысын дұрыс жоспарлау өте маңызды. Қор мамандары "Ашық есік күніне" қатысушылармен болған кездесуде зейнетақыны болжауға және жоспарлауға көмектесетін құралдар туралы баяндады.

"Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" сервистерінің көмегімен сіз өзіңіздің болашақ зейнетақыңызды алдын ала есептеп, оны ұлғайту жөніндегі шараларды ойластырып/жоспарлай аласыз.

Іс-шараға қатысушылар БЖЗҚ сайты мен БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы "Зейнетақы калькуляторы" көмегімен болашақ төлемдерді есептеу мәселесіне ерекше қызығушылық танытты. Қонақтардың көпшілігі ағымдағы және болжамды калькулятордың мүмкіндігін жоғары бағалады, бұл пайдаланушыға барлық зейнетақы төлемдерінің, соның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен зейнетақының және БЖЗҚ-дан жинақтаушы төлемнің болжамды мөлшерін дербес есептеуге мүмкіндік береді.

Қатысушыларды, сондай-ақ, зейнетақы калькуляторының сақтандыру ұйымынан берілетін сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемін есептеу бойынша өзектендіру және Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерге сәйкес болжамды зейнетақы калькуляторының қызметтері сияқты жаңа функциялар да қызықтырды.

Іс-шара барысында қатысушыларға зейнетақы жоспары арқылы қажетті зейнетақыны қалай жоспарлау керектігі көрсетіліп, оларды сервистің жаңа дизайнымен және жаңа функциялармен, атап айтсақ, салымшының жинақтаушы жүйедегі өтілін автоматты түрде есептеу мүмкіндігімен таныстырды.  Сондай-ақ, жоспарланған мақсатқа, мысалы, ерікті зейнетақы жарналарының көмегімен қалай қол жеткізуге болатындығы туралы кеңестер берілді.    

Негізгі тақырыпты талқылаудан басқа, БЖЗҚ бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, тілек білдірушілермен жеке ақыл-кеңес өткізді.

Атап кетейік, зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақыл-кеңесті БЖЗҚ филиалдарына өзіңіз барып та, enpf.kz сайтында, мессенджерлерде және әлеуметтік желілерде онлайн режимінде де алуға болады. Мұны қалай жасау керектігі іс-шара барысында айтылды. 

Онлайн кездесу салымшылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушылардың пікірлері бойынша пайдалы және нәтижелі болды.

Дата публикации
23 сентября 2024
Дата обновления
23 сентября 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы