Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Балалар асыға күткен бұл күн әрдайым шулы, сыңғырлаған қоңырау үнімен, салтанатты түрде келеді.
Ұстаздар мен шәкіреттердің өміріндегі маңызды қадамды айқындап беретін ерекше күндердің бірі болмақ. Сіздерді 1- қыркүйек Білім күнімен құттықтаймын! Оқудың басталуы іс жүзінде өмірдің бастауы. Сондықтан да жаңа қадамдарыңыз таза аппақ параққа қателіксіз жол сала берсін! Мұғалімдерге денсаулық, оқушыларға сәттілік және ата-аналарға үлкен шыдамдылық тілеймін! Бірінші қыркүйек қоңырауы сыңғырлап соғыла берсін! Ол тек білім алуға ғана емес, тәртіпке, тәрбие мен ұқыптылыққа шақырады.
Бірінші сынып оқушылары мен олардың ата – аналарын ерекше құттықтаймын. Жаңа оқу жылы сәтті және қуанышқа толы болсын!
Баршаңызға денсаулық, бақыт және білім шыңдарын бағындыру жолында жоғары жетістіктер тілеймін!