Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Автоматты форматта қызмет алатын БЖЗҚ салымшыларының саны өсуде

01.01.2024 ж. мен 29.02.2024 ж. аралығында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халыққа 15,9 млн. астам қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп. Жүргізілген операциялардың ішінде электрондық форматта – 4,2 млн. астам, автоматты форматта – 11,4 млн, қашықтағы форматта - 0,1 млн., күндізгі форматта 214 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде - 201 мың қызмет.

Автоматты режимде көрсетілетін қызметтер саны 10 есе өсті. Оларға, ең алдымен, БЖЗҚ – ның негізгі операциялары - шоттар ашу және төлемдерді жүзеге асыру жатады.  2024 жылдың алғашқы екі айында шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аудару нәтижесінде ашатын) және нысаналы жинақтаушы шоттарды (НЖШ, "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 3,4 млн. Айта кету керек, шоттарды автоматты түрде ашу, кәмелетке толмаған азаматтарға нысаналы талаптарды есептеу және ЖМЗЖ сомаларын есепке алу БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың дерекқорларымен интеграциялануының арқасында мүмкін болып отыр. Сондай-ақ, автоматты форматта " Ұлттық қор – балаларға "бағдарламасына қатысушылардың нысаналы талаптары, нысаналы жинақтарды алушыларға төлемдер, сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын төлеу есепке алынады.

 

Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу әлі де танымал қызмет болып табылады. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЖШ, НЖШ-дан 4,8 млн - нан астам үзінді көшірме берілді, оның 3,7 млн-ы электрондық түрде (үзінді көшірмелердің жалпы санының 77%) және  988 мыңнан астамы автоматты режимде (үзінді көшірмелердің жалпы санының 20%). 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды төлеуге 775 өтініш қабылданды, оның 288-і тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және 487-сі білім беру ақысын төлеуге.

 

БЖЗҚ сайттағы және мобильді қосымшадағы жеке кабинетте салымшылардың (алушылардың) өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты мерзімсіз немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) жинақтарының бір бөлігін төлеуге, аударуға өтініштің мәртебесін қадағалау, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т. б. қызметтерді әлемнің кез келген нүктесінде 24/7 режимінде  пайдалануға мүмкіндіктері бар екенін еске салады

 

2024 жылғы қаңтар-ақпанда деректемелерді өзгертуге 48,8 мыңнан астам өтініш қабылданды, оның 42,4 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызметке жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыру бойынша да қосымша кеңесте ала алады.

 

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 5,9 мыңға жуық көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 137 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 7,5 мың материал орналастырылды.

Салымшылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 134 мыңды құрады.

 

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады, ол үшін жай ғана 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу немесе Қордың сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

 

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. 

Дата публикации
01 апреля 2024
Дата обновления
01 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы