Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың 15 наурызында "БЖЗҚ"АҚ-да " Ашық есік күні " өтті

Бұл іс-шара дәстүрге айналды және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында өткізілді. Бұл жолы басты күн тәртібіндегі мәселе "Зейнетақы заңнамасындағы жаңашылдық: ЖМЗЖ" тақырыбы болды.

Қазақстанның зейнетақы жүйесі бірнеше деңгейден және төлем көздерінен тұрады: мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ бөліктер, жинақтаушы бөлік – БЖЗҚ-ға міндетті және ерікті жарналар есебінен түседі.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап  жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (ЖЗЖ) жаңа құрамдауышын - жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен жүзеге асыратын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) кезең-кезеңімен  енгізу басталды. Бұл зейнетақымен қамсыздандыру үшін жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында оңтайлы бөлуге мүмкіндік береді.

ЖМЗЖ енгізу тетігі "БЖЗҚ" АҚ ағымдағы жылдың 15 наурызында өткізген "Ашық есік күні" шарасының негізгі тақырыбына айналды. Іс-шараны ұйымдастырушылар қатысушыларға жаңа құрамдауыштың мақсаты туралы айтып берді. Мысалы, бұл 1975 жылы және одан кейін туылған, 1998 жылға дейін жұмыс істемеген және бұдан былай ортақ зейнетақыны алмайтын қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қолдауға бағытталған. Оларды зейнетақымен қамсыздандыру мемлекеттің базалық зейнетақысынан және жұмыс берушілердің жарналарынан қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан төленетін төлемдерден құралатын болады. Кездесуге қатысқан жұмыс берушілерге қызметкерлер үшін қосымша төлемнің бір мезетте  емес, біртіндеп енгізілетіні де түсіндірілді: қызметкердің табысының бір жарым пайызынан 2028 жылға қарай 5 пайызға дейін. Бұл олардың жүктемесін азайту және бизнесті өз бюджетінен міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге дайындау үшін жасалған.

Сондай-ақ, кездесу барысында " БЖЗҚ "АҚ мамандары жаңашылдықты енгізу шарттарын түсіндіріп қана қоймай, жұмыс берушілерге ЖМЗЖ-ны қалай  төлеу керектігін, ал азаматтарға оларды қалай бақылау керектігін айтып қана қоймай, қатысушылардың және БАҚ өкілдерінің Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысты басқа да сұрақтарына тұщымды жауап берді.

"Ашық есік күні" шарасына қатысушылардың пікірінше, кездесу қызу пікірталас және жоғары ұйымдастырушылық деңгейінде өтті. "БЖЗҚ" АҚ мамандары өз кезегінде Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі өзгерістердің барлық мәселелерін түсінікті және қолжетімді түрде түсіндіріп берді.

Дата публикации
18 марта 2024
Дата обновления
18 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы