Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА МЕРЗІМСІЗ УАҚЫТҚА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН 1-2 ТОП МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН (МЗЖ) ТӨЛЕУДЕН БОСАТЫЛУҒА ҚҰҚЫҚТАРЫ БАР ЕКЕНДІГІ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуден, егер мерзімсіз уақытқа белгіленген болса, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. Сонымен қатар, жұмыс берушіге жоғарыда аталған адамдардың өтініші негізінде МЗЖ ұстап қалуға және оны БЖЗҚ-ға аударуға рұқсат етіледі. Осылайша, мерзімсіз уақытқа белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар қазақстандықтар жұмыс орны бойынша БЖЗҚ-ға МЗЖ-ны ұстап қалуға келісім беретіндігі туралы өтініш беруге құқылы.

 

          Бірінші және екінші топтағы мерзімсіз уақытқа белгіленген мүгедектігі бар адамдар БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайын берілетін зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. БЖЗҚ салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" заңына сәйкес ұсынылатын келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" ақпараттық жүйесінен мүгедектіктің белгіленгендігі туралы мәліметтерді дербес сұратады.  

          Зейнетақы жинақтары төлемін алуға өтінішті БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзі немесе сенім білдірілген тұлға, enpf.kz интернет-ресурсы, сондай-ақ, пошта байланысы арқылы жүгінген кезде беруге болады.

          БЖЗҚ-да, сондай-ақ, мерзімсіз уақытқа белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға Барып көрсету қызметінің де ұйымдастырылғанына назар аударамыз. Бұл ретте алдын ала кеңес беру, оның ішінде қызметтерді қашықтан, ешқайда шықпай-ақ алу мүмкіндігіне тексеру жүргізіледі.    

    БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.   

Дата публикации
22 февраля 2024
Дата обновления
22 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы