Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

«Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы 2023 жылғы есебі

«Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы                                                                             2023 жылғы есебі

1.Жалпы ереже

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.

«Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ қызметінің негізгі бағыты мемлекеттік органдардың қызметін ведомствоаралық және салааралық үйлестіру, аудан бюджетін жоспарлау және атқару, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету негізінде әлеуметтік-экономикалық саясат саласындағы функцияларды іске асыру болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бөлім Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы»  2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 стандарттармен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Ұлтық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» бұйрығын басшылыққа алады.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

1) 2023 жылы Баспана Маркет Отбасы Банкінің жылжымайтын мүлік порталы, Қазақстан Республикасы Электрондық үкіметінің веб-порталы арқылы eGov.kz тегін негізде мемлекеттік қызметтің 1 түрі тегін көрсетілді.

1) 2023 жылы Баспана Маркет Отбасы Банкінің жылжымайтын мүлік порталы, Қазақстан Республикасы Электрондық үкіметінің веб-порталы арқылы eGov.kz тегін негізде мемлекеттік қызметтің 1 түрі көрсетілді.

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну», оның ішінде -20;

Баспана Маркет Отбасы Банкінің жылжымайтын мүлік порталы ( оның ішінде: 2 бас тарту, 12 оң қарау) -14;

электрондық үкіметтің веб-порталы eGov.kz ( оның ішінде: 6 бас тарту);

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, өтініш үлгілері орналастырылған стендтер жабдықталған.

Есіл ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, шағымдану тәртібі, көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс деректері, сондай-ақ қызметтерді онлайн форматта алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: қысқа нөмірі 300. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті электрондық цифрлық қолтаңба немесе куәландырылған бір реттік пароль болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда алады.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық талқылау туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында олардың сапасын арттыру және ұсыну тәртібі бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- 3 жергілікті мемлекеттік органның қатысуымен тікелей эфир;

- Facebook әлеуметтік желілерінің беттерінде 14 мақала жарияланды;

- аудандық «Есіл Инфо» газетінде 1 мақала жарияланды.

Компьютермен, сканермен, принтермен, картаны оқу құрылғысымен жабдықталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы»  бар.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

          «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша  филиалында Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тұрақты негізде жауапты қызметкерлер біліктілігін арттырудан өтеді.

           3) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік – құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппаратына жолданады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары "Ақмола облысы Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ-де 2023 жылғы 15-17 Мамырда бақылау іс-шарасы өткізілді. 2023 жылғы 17 мамырдағы № 5 Акт. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

3)Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2023 жылы «Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы анықталған жоқ.

5.Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

  1. мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;
  2. Баспана Маркет Отбасы Банктің жылжымайтын мүлік порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және ақпараттандыру бойынша іс шаралар өткізу;
  3. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету: ақпараттық стендтерді жаңарту;
  4. мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі мен мерзімдерін түсіндіре отырып, тікелей эфирлер өткізу;
  5. мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестерге қатысу;
  6. негізсіз бас тарту фактілеріне жол бермеу;
  7. онлайн жәрмеңкелер өткізу;

Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімінің 2023 жылғы есебін талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсыныстар электрондық пошта арқылы қабылданады esil_ef@aqmola.gov.kz, телефон бойынша 87164721672.

 

Мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

2023 жылғы есебіне

қосымша

Есіл ауданы бойынша

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Шағым беруші туралы мәліметтер

Шағы

ның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытын

дысы бойынша құжаттың №

Қабыл

данған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет

тер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Дата публикации
22 февраля 2024
Дата обновления
22 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы