
2023 жылдың мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ
қызметі туралы есеп
1) Қызмет беруші туралы мәлімет:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру ныснадарының бірі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы») «Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 6 түрін ұсынды:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру;
2)кейінгі кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;
3) Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
4)эскизді (эскиздік жобаны) келісу;
5) үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру;
6) тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- Мемлекеттік қызметтердің саны- 6;
- «Азаматтар үшін үкімет» Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны – 1;
- Тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 6 (тегін);
- Қағаз және (немес) электронды нұсқада негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны - 1 (қағаз түрінде);
4 – (электронды);
1 – (электронды/қағаз);
Мемлекеттік қызметтердің бекітілген қағидалардың саны - 6 – стандарт;
3) Ең сұранысқа ие Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат
2023 жылдың 12 айында 437 оның ішінде бас тартылды: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы арқылы – 51, электрондық үкімет порталы арқылы – 341, Е-лицензиялау арқылы - 45.
«Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» – неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызмет.
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жеткізу орындары мен тәртіптері туралы мәлімет
Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің ресми Интернет-ресурсында халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында www.еsil.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, «Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сілтемелер орналастырылған. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органның байланыс телефондары және электрондық мекенжайы, ол арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат алуға болады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жобаларының жария талқылау туралы ақпараты
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесстерін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, семинарлар, кездесулер, интервьюлер және басқалар)
2023 жылы БАҚ-та мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету, портал арқылы түрлі қызмет түрлерін алу мүмкіндігі туралы материалдар үнемі жарияланып отырды e.gov.kz, "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Есіл ауданы бөлімінің мамандарымен семинарлар өткізілді.
Facebook және Instagram парақшаларында 114 мақала жарияланды, 5 ӘТікелей эфир өткізілді және аудандық «Есіл инфо»
3.Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру бойынша қызметі
1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері оларды көрсетудің сапасына түрткі болады.Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін жеңілдетеді, мемлекеттік қызмет көрсету барысында әкімшілік барьерлерді және мерзімдерді қысқартады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар
Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандардың біліктілігін кәсіби арттыру мақсатында құқықтық жаппай оқыту бойынша сабақтар өткізіледі, халыққа қызмет көрсету орталықтырының интеграцияланған ақпараттық жүйесімен жұмыс бойынша семинарларға қатысады.
«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру Ақмола облысы бойынша «ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК мемлекеттік қызметкерлердін біліктілігін арттыру жоспар-кестесінің негізінде жүзеге асырылады.
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары бойынша ақпарат
Есептік кезең бойынша мемлекеттік қызмет алушылардан мемлекеттік орган – қызмет беруші «Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен емес және қарастырылмаған.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылаудың нәтижелері
"Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары 2023 жылғы 6-8 ақпанда өткізілді. 2023 жылғы 8 ақпандағы № 2 Акт. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган өткізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау нәтижесі
2023 жылы "Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне" мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізілмеген.
4) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижесінде бұзушылықтар анықталмаған.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға келесі іс шаралар жоспарланған:
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметі туралы 2023 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар электрондық мекенжай бойынша қабылданады esil_arh@aqmola.gov.kz,8(71647) 20700 телефоны бойынша.
Мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2023 жылғы есебіне
қосымша
Есіл ауданы бойынша
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағы ның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытын дысы бойынша құжаттың № |
Қабыл данған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет тер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |