
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
«Ақмола облысы Есіл ауданы Орловка ауылы әкімінің аппараты» ММ 2023 жылдағы қызметі туралы есеп
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Орловка ауылы әкімінің аппараты қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін беретін жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «Ақмола облысы Есіл ауданы Орловка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
Орловка ауылы 125 аула бар, халық саны 310 адамды құрайды. «Ақмола облысы Есіл ауданы Орловка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Орловка ауылы, Абая Кунанбаева көшесі 1А, индексі 020998 мекенжайында орналасқан.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Тізілімге сәйкес ауылдық округ әкімінің аппараты 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру
- сауда-саттықты ( аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу;
- жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не боліп төлеуге сату;
- жер учаскесін алу ұшін кезекке қою;
- жер учаскесін жалдау мермізін ұзарту.
2023 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Орловка ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- жер учаскесін алу ұшін кезекке қою-5 қызмет.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП, Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен қағидаларына сәйкес түсіндіру үшін жүгіну мүмкіндігі бар.
Барлық мемлекеттік қызметтерге бекітілген мен ережелер бар.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
- жер учаскесін алу ұшін кезекке қою - 5 қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында айқындалады. Қағидалардың қолжетімділігін, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін ауылы әкімінің аппаратында «Мемлекеттік қызметтер көрсету» стендтері ресімделді. Ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, сондай-ақ стендтерде «Электрондық үкімет» веб-порталының жадынамалары орналастырылған. Мемлекеттік органның үй-жайы қажетті ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген. Ауылы мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары үнемі өткізіліп тұрады.
2)мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.
- 7 тікелей эфир өткізілді
- аудандық «Есіл инфо» газетінде мемлекеттік тілде елді «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі тақырыбында 1 мақала жарияланды.
- Facebook әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері бойынша 9 мақала жарияланды.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ауылы әкімінің аппараты кабинетінде Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін интернетке шығатын компьютер бар Egov.kz. жүгінген әрбір азамат мемлекеттік қызметті электрондық түрде өз бетінше немесе маманның көмегімен, өзімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бола отырып ала алады). 2023 жылы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы көрсетілетін қызметті алушылар -60 қызмет алды.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасы.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Жауапты қызметкерлер тұрақты негізде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді .
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Есіл ауданы әкімінің аппаратына жіберіледі.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
2023 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Орловка ауылы әкімінің аппараты» ММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары өткізілмеген.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
«Ақмола облысы Есіл ауданы Орловка ауылы әкімінің аппараты» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасың бақылау бойынша іс-шаралар жүргізілген жоқ.
4)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы Орловка ауылы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға келесі іс шаралар жоспарланған:
1.мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;
4.мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемедегі ақпараттық стендтерді жаңарту, аудандық газетте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалалар жариялау;
5.мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру;
6.мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлерге қатысу;
7.мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
8.негізсіз бас тарту фактілерін анықтау;
9.өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша мониторинг жүргізу;
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Орловка ауылы әкімінің қызметі туралы 2023 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар электрондық мекенжай бойынша қабылданады esil_orlovka@aqmola.gov.kz, 87164727452 телефоны бойынша.
Қосымша
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2023 жылға қызмет есебі
Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
Орловка ауылы
|
Шағымданушы туралы мәліметтер |
Шағымның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың № |
Қабылданған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |