Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2023 жылдағы қызметі туралы есеп

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

«Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2023 жылдағы қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қолжетімділік болып табылады. Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес. Двуречный ауылдық округі әкімі аппараты қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін беретін жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «Ақмола облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппарат» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

Двуречный ауылдық округінде 572 аула бар, халық саны 1547 адамды құрайды. «Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Двуречный ауылы, Ленина көшесі, 9/2, инд.: 020904.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Тізілімге сәйкес ауылдық округ әкімінің аппараты 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

- жер учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

- кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру

- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;

- жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;

- жер учаскесін алуға кезекке қою;

- жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

2023 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

– сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу- 12 қызмет;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП, Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен қағидаларына сәйкес түсіндіру үшін жүгіну мүмкіндігі бар.

Барлық мемлекеттік қызметтерге бекітілген ережелер бар.                    

3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

 - сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу - 12 қызмет.      

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында айқындалады. Қағидалардың қолжетімділігін, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін ауылдық округ әкімі аппаратында «Мемлекеттік қызметтер көрсету» стендтері ресімделді. Ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары, сондай-ақ стендтерде «Электрондық үкімет» веб-порталының жадынамалары орналастырылған. Мемлекеттік органның үй-жайы қажетті ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген. Ауылдық округте мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары үнемі өткізіліп тұрады.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.

3)Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.

- 7 тікелей эфир өткізілді

- аудандық «Есіл инфо» газетінде «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі тақырыбында 1 мақала жарияланды.

- Instagram әлеуметтік желілерінде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері бойынша 2 мақала жарияланды.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Двуречный ауылдық округі әкімі аппаратының кабинетінде Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, «Электрондық үкімет»  веб-порталы арқылы халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін интернетке шығатын компьютер бар Egov.kz. жүгінген әрбір азамат мемлекеттік қызметті электрондық түрде өз бетінше немесе маманның көмегімен, өзімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бола отырып ала алады). 2023 жылы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы көрсетілетін қызметті алушылар -173 қызмет алды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасы.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Жауапты қызметкерлер тұрақты негізде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді .

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Есіл ауданы әкімінің аппаратына жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.

 2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

2023 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары жүргізілген жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2023 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізілген жоқ.

4)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы Двуречный ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттырудың одан әрі тиімділігінің перспективалары.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға келесі іс шаралар жоспарланған:

1.мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;

  1. «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу;

3.мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемедегі ақпараттық стендтерді жаңарту, аудандық газетте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалалар жариялау;

4.мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру;

5.мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлерге қатысу;

6.мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

7.негізсіз бас тарту фактілерін анықтау;

8.өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша мониторинг жүргізу;

9.«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Двуречный  ауылдық округі әкімдігінің қызметі туралы 2023 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар электрондық мекенжай бойынша қабылданады esil_dvurechensk@aqmola.gov.kz, 87164726438 телефоны бойынша.

 

Қосымша 

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

 2023 жылға қызмет есебі

 

Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

Двуречный ауылдық округі бойынша.

 

Шағымданушы туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Дата публикации
22 февраля 2024
Дата обновления
22 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы