Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

2023 жылға дейін мемлекеттік қызметтер көрсету туралы Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі әкімінің қызметі туралы есеп

2023 жылға дейін мемлекеттік қызметтер көрсету туралы

Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі әкімінің қызметі туралы есеп

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы»,  Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 7 қызмет көрсетеді.

Бұзылық ауылдық округінде 234 аула бар, халық саны 688 адамды құрайды. «Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Бұзылық ауылы, Рассветная көшесі, 2, инд.: 020903.

Тізілімге сәйкес әкім аппараты 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2023 жылы Бұзылық ауылдық округі бойынша 13 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті:

- мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу – 10;

- кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 2;

- жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту – 1;

- «Е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызмет алынды - 231.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП, ХҚО арқылы және тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну мүмкіндігі бар.

Барлық мемлекеттік қызметтерге бекітілген стандарттар мен бар.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

- сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық алу - 10.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

          1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында әкімдік ғимаратында ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен  орналастырылған. Мемлекеттік органның үй-жайы қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күту үшін отырғызу орындарымен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік мекеме ғимаратында  Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараты бар стенд орналастырылған, «Агро-Олдиви» ЖШС, «Жасыбай ХХ1» ЖШС, Бұзылық және Сұрған мектептерінде электрондық үкімет порталы арқылы қызмет алу туралы ақпараттар 4 баннер орналастырылған.

Округте мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары жүйелі түрде жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша іс-шаралар өткізілді:

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.

3)Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді.

- 7 тікелей эфир өткізілді

- аудандық «Есіл инфо» газетінде «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі тақырыбында 1 мақала жарияланды.

- Instagram әлеуметтік желілерінде 17 мақала және Facebook-те 10 мақала мемлекеттік қызмет көрсету ережелері бойынша жарияланды.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Бұзылық ауылдық округі әкімі аппаратының кабинетінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, «Электрондық үкімет»  веб-порталы арқылы халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін интернетке шығатын компьютер бар Egov.kz. Жүгінген әрбір азамат мемлекеттік қызметті электрондық түрде өз бетінше немесе маманның көмегімен, өзімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бола отырып ала алады). 2023 жылы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы көрсетілетін қызметті алушылар -231 қызмет алды.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасы.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Жауапты қызметкерлер тұрақты негізде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Ақмола облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді .

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.

 «Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.  Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Есіл ауданы әкімінің аппаратына жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.

2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

2023 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Бузулук ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары өткізілмеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2023 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Бұзылық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізілген жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы Бұзылық ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы анықталған жоқ. 

  1. Одан әрі тиімділігін арттыру перспективалары

көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы

          Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

1) мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;

2) мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалатын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;

3) көрсетілетін қызметті алушыларды «электрондық үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар ету және танымал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стенділерді жаңарту, қағидаларды ресми Интернет-ресурста уақтылы орналастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды аудандық газеттерде жариялау;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

6) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша мониторинг жүргізу;

7) мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлерге қатысу;

8) негізсіз бас тарту фактілерін анықтау;

9) «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі қазіргі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының көрсеткіштерінің бірі болып табылады – мемлекеттік қызметтер көрсетудің инновациялық және тиімді қағидаларын енгізу мемлекеттік шығыстарды қысқартуға, сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтар тарапынан үкіметке деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Бұзылық ауылдық округі әкімдігінің қызметі туралы 2023 жылғы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар электрондық мекенжай бойынша қабылданады esil_buzuluk@aqmola.gov.kz  8-716-47-26-2-41 телефоны бойынша.  

 

          Қосымша 

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

көрсету мәселелері бойынша

 2023 жылға қызмет есебі

 

 

Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша

Бұзылық ауылдық округі бойынша.

 

Шағымданушы туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Дата публикации
22 февраля 2024
Дата обновления
22 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы