
Есіл ауданы әкімдігінің
2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша қызметі туралы есебі
1.Жалпы ереже
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.
Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен регламенттер бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
Есіл ауданында Мемлекеттік қызметтерді аудан, Есіл қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, дербес бөлімдер, халықты жұмыспен қамту орталығы көрсетеді.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
1) 2023 жылы Есіл ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтің 59 түрін және 58 кіші түрін көрсетті.
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында-3537;
Экономика саласында-15;
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында-437;
Ауыл шаруашылығы саласында-490;
Әскери қызмет саласында-105;
Жер қатынастары саласында-1212;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында-55;
Дене шынықтыру және спорт саласында-5;
2023 жылы барлығы мемлекеттік қызметтер көрсетілді -5853.
2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 5853 құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 9% - ға аз. Оның ішінде:
- «Мемлекеттік корпорация» арқылы-513;
- электрондық түрде барлығы - 5307 (ЭҮП көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері);
- көрсетілетін қызметті берушілер арқылы -33;
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға көмек көрсету – 1001;
сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу- 299;
- Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру-863.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсету ережелер, өтініш үлгілері орналастырылған стенділер жабдықталған.
Есіл ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелер, шағымдану тәртібі, көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс деректері, сондай-ақ қызметтерді онлайн форматта алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:
- ауылдық округтерде «E-gov» қолжетімділік бұрыштары ашылды;
- жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен 162 тікелей эфир өткізілді;
- аудандық «Есіл инфо»газетінде «электрондық үкімет»порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу бойынша 67 мақала жарияланды;
- Facebook әлеуметтік желілерінің беттерінде мемлекеттік қызметтерді "электрондық үкімет" порталы арқылы өз бетінше алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін, мерзімдерін және орындарын түсіндіру бойынша 1191 мақала жарияланды;
- Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі-10;
- мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін қараумен 4 қоғамдық кеңес өткізілді;
Ыңғайлы болу және электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін 2023 жылы тұрғындар ашық – 1 «Сервистік әкімдік» ұйымдастырылып, барлық қажетті «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жабдықталды.
Сондай-ақ, ауыл, ауылдық округ әкімдіктерінде, Красногор кентінде, дербес бөлімдерде, аудан мектептерінде мемлекеттік қызмет көрсететін 19 «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар. Халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін барлық бұрыштар компьютермен, сканермен, принтермен жабдықталған. 2023 жылы «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы қызмет алушылар 2927 қызмет алды.
процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды;
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. ZOOM онлайн форматы арқылы -116 қызметкер оқудан өтті. Спикер ретінде Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы шақырылды. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша 2022 жылы -8 қызметкер оқыды.
3)Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру жөніндегі ұсыныстар Ақмола облысы әкімінің аппаратына жолданады.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1)Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.
2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша 11 бақылау іс-шарасы өткізілді.
1.«Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
2.«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
3.«Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ;
4.«Ақмола облысы Есіл ауданының жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі»ММ;
4.«Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ;
5.«Есіл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
6.«Ақмола облысы Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;
7.«Есіл ауданы Заречен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ;
8.«Есіл ауданы Знаменка ауылы әкімінің аппараты» ММ;
9.«Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» ММ.
10.«Есіл ауданы Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ;
11.«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»ММ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.
Тексеру нәтижелері бойынша ұсыныстар берілді:
1.«Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ММ.Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау және кеңес өткізу. Компьютерлік техниканы сатып алу мүмкіндігін қарастыру. Ұсыныстар орындалды ;
2.«Есіл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтуді қамтамасыз ету. Ұсыныстар орындалды;
3.«Есіл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ;
4.«Ақмола облысы Есіл ауданының жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі»ММ. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтуді қамтамасыз ету. Ұсыныстар орындалды;
4.«Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ;
5.«Есіл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
6.«Ақмола облысы Есіл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;
7.«Есіл ауданы Заречен ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ;
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
2023 жылы Есіл ауданында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, Есіл ауданы бойынша 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
1.мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;
2.мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалатын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;
3.бекітілген бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан бақылау іс-шараларын жүргізу;
4.мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
5.мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, стандарттарды ресми интернет-ресурста уақтылы орналастыру, аудандық газеттерде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;
6.мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
7.мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлер өткізу;
8.мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестерге қатысу;
9.мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
10.негізсіз бас тарту фактілерін анықтау;
11.өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша мониторинг жүргізу;
12.«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту»;
Есіл ауданы әкімдігінің 2021 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебін талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсыныстар мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: esil_usl@aqmola.gov.kz, телефон бойынша 87164721650.
Мемлекеттік қызметтер
көрсету мәселелері бойынша
2023 жылғыесебіне
қосымша
Есіл ауданы бойынша
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
|
Шағым беруші туралы мәліметтер |
Шағы ның мәні |
Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым) |
Қарау күні |
Шағымды қарау қорытын дысы бойынша құжаттың № |
Қабыл данған шешім |
Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәлімет тер |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |