Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

«Ақмола облысы Есіл ауданының Есіл қаласы әкімі аппараты»ММ қызметі туралы 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

«Ақмола облысы Есіл ауданының Есіл қаласы әкімі аппараты»ММ қызметі туралы 2023 жылға мемлекеттік қызмет көрсету

мәселелері бойынша есебі

  1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

Есіл қаласы әкімі аппараты қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін беретін жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы»  Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген ережесін басшылыққа алады.

 «Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Д. Қонаев көшесі 15, инд.: 020900 мекенжайында орналасқан.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

Тізілімге сәйкес қала әкімінің аппараты 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

- республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу беру;

- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;

- жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;

- жер учаскесін алуға кезекке қою;

- жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту;

- жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету);

2023 жылы атқарушы органмен 668 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

    - жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 19 жеке тұлға, 1 заңды тұлға;

  - елді мекен шегінде құрылыс объектілерін салу үшін жер учаскесін беру – 1 жеке тұлға;

    - Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігі жер телімдеріне құқықтарды сатып алу – 76 жеке тұлға, 44 заңды тұлға;

     - жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп, не бөліп төлеу арқылы  сатып алу  - 5 жеке тұлға;

    - жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту -  10 жеке тұлға, 10 заңды тұлға;

    - жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 502 жеке тұлға;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП, Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес түсіндіру үшін жүгіну мүмкіндігі бар.

Барлық мемлекеттік қызметтерге бекітілген ережелер бар.

  1. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтерді көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларында айқындалады. Қағидалардың қолжетімділігін, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін әкімдік аппаратында «Мемлекеттік қызметтер көрсету» стендтері ресімделді.           Ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері, сондай-ақ «Электрондық үкімет» веб-порталының жадынамалары орналастырылған. Мемлекеттік органның үй-жайы қажетті ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген. Әкімдікте мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары үнемі өткізіліп тұрады.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15 бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі.  Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

Ғимарат мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандуспен және шақыру түймесімен жабдықталған, санитарлық торап мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып жабдықталған, тактильді жер көрсеткіштері орнатылған.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Есіл қаласы әкімі аппаратының 1-ші қабатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, «Электрондық үкімет»  веб-порталы арқылы халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін интернетке шығатын компьютер бар Egov.kz. жүгінген әрбір азамат мемлекеттік қызметті электрондық түрде өз бетінше немесе маманның көмегімен, электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы ала алады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді түсіндіру мақсатында 2023 жылы әлеуметтік желілер арқылы 7 тікелей эфирлер өткізілді, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы аудандық газетте 1 мақала жарияланды, сондай-ақ әлеуметтік желілерде мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттар орналастырылды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша шаралар қабылдайды.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Есіл қаласы әкімі аппаратының бас маманы Өтемісова Б.А. 2023 жылғы 10 сәуір мен 14 сәуір аралығында кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курсын аяқтады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Есіл ауданы әкімінің аппаратына жіберіледі.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.

2)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Есіл ауданы әкімі аппараты басшысының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 44, 2022 жылғы 19-20 қазандағы бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселелері жөніндегі 2022 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспарының 7-тармағына сәйкес «Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» ММ-де Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына ішкі бақылау жүргізілді Мемлекеттік қызмет көрсету саласында. 2023 жылғы 12 қыркүйектегі № 10 Акт бұзушылықтар анықталған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2023 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізілген жоқ.

4)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы Есіл қаласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.

5.Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттырудың одан әрі тиімділігінің перспективалары.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға келесі іс шаралар жоспарланған:

1.мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;

  1. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдайтын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;3. «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізу;

4.мемлекеттік қызметтердің ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемедегі ақпараттық стендтерді жаңарту, аудандық газетте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалалар жариялау;

5.мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру;

6.мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлерге қатысу;

7.мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

8.негізсіз бас тарту фактілерін анықтау;

9.өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша мониторинг жүргізу;

  1. «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Есіл қаласы әкімінің аппараты қызметі туралы 2023 жылға есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар gorod_esil@mail.ru электрондық мекен жайы, 8(71647)20607   телефоны бойынша қабылданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023 жылға

мемлекеттік қызмет көрсету

мәселелері бойынша

қызметі туралы есебіне

қосымша

                                                                                                            

Есіл қаласы бойынша

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

 

Шағымданушы туралы мәліметтер

Шағымның мәні

Шағымды қараған және (немесе) шешім қабылдаған орган (ұйым)

Қарау күні

Шағымды қарау қорытындысы бойынша құжаттың №

Қабылданған шешім

Қабылданған шешімді қайта қарау туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

-

-

-

-

-

-

-

Дата публикации
22 февраля 2024
Дата обновления
22 февраля 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы