Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

ЗЕЙНЕТАҚЫ КАЛЬКУЛЯТОРЫНЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Болашақ зейнетақының мөлшері туралы сұраққа жауап іздеген БЖЗҚ салымшылары ыңғайлы құрал – зейнетақы калькуляторын пайдалана алады. Оның мүмкіндіктері жақында ғана жаңа функциялармен тролықтырылды. Енді сіз өзіңіздің болжамды болашақ зейнетақыңызды дербес есептеп қана қоймай, Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы соңғы өзгерістерге сәйкес сақтандыру ұйымынан және болжамды зейнетақы калькуляторынан сақтандыру сыйлықақысы мен сақтандыру төлемін есептеуді өзектендіре аласыз. Бұл ретте мүгедек адамдардың және зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы да ескерілді. Бұл оларға зейнетақы аннуитетінің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Әлеуметтік кодекске сәйкес ең төменгі базалық зейнетақының мөлшері кезең-кезеңімен 70% дейін, ал ең жоғары мөлшері 2023-2027 жылдар кезеңінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 120% дейін ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар, салымшылар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтарының 50% дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына аудару мүмкіндігіне ие болды.

Естеріңізге салайық, Калькулятор екі түрде ұсынылған. "Ағымдағы" - бұл неғұрлым жеңілдетілген нұсқа, оның көмегімен зейнетке алдағы жылы шығатындар міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары төлемінің мөлшерін есептей алады. "Болжамды" калькулятор болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеп қана қоймай, оның неден тұратынын да көрсетеді. Есептеу үш сценарий бойынша жүзеге асырылады: пессимистік, шынайы және оптимистік. Бұл салымшыға нақты инвестициялық кірістің болжамды деңгейін ескеретін барлық мүмкін нұсқаларды көруге көмектеседі.

Есептеу кезінде Калькулятор барлық құрамдауыштарды - базалық және ортақ зейнетақыны; 10% МЗЖ; 5% МКЗЖ және ерікті зейнетақы жарналарын ескереді. Болашақ зейнетақының мөлшерін Болжамды калькулятор арқылы есептеу үшін бірнеше қарапайым әрекеттерді орындау қажет. Туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі сияқты барлық өрістерді толтырып, бүгінгі күндегі жинақ сомасы мен соңғы уақыттағы орташа жалақы мөлшерін көрсетесіз. Нәтиже алу үшін - "есептеу" батырмасын басыңыз. Калькуляторды жеке кабинет арқылы пайдаланған кезде барлық дерлік өрістер автоматты түрде толтырылады және есептеу дәлірек болады. Зейнетақы жинақтарының болжамды сомасы жеткіліктіліктің ең төменгі шегінен асып кеткен жағдайда, оларды тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге алу мүмкіндігі туралы хабарлама пайда болады. Сондай-ақ, зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда, салымшылар үшін зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін "Өмірді сақтандыру компаниясына (ӨСК) жинақтарды аудару" функциясы көзделген. Зейнетақыны есептеу нәтижелері ағымдағы күнтізбелік жылға болжамды болып табылатынын, ал түпкілікті есеп сақтандыру ұйымына жүгінген кезде жүргізілетінін есте ұстаған жөн.

Қазақ және орыс тілдеріндегі бейнематериал мына сілтемелер бойынша қолжетімді:                https://youtu.be/lt6g9fOo7Qs

https://youtu.be/fuXzZxKKPbs

«Зейнетақы калькуляторы» қызметімен «БЖЗҚ» АҚ сайтында https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php толығырақ танысуға болады. 

Дата публикации
21 декабря 2023
Дата обновления
21 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы