
Қазақстан Республикасының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Сізді "Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі" семинарына қатысуға шақырады. Іс-шара зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақпарат таратуға және оқытуға бағытталған. 2023 жылғы 23 қарашада (бейсенбі) орыс тілінде және 2023 жылғы 24 қарашада (жұма) қазақ тілінде онлайн-форматта өтеді.
Қор сарапшылары әлемдегі зейнетақы жүйелері, «БЖЗҚ» АҚ қызметі, зейнетақы активтерін инвестициялау және жинақтарды сенімгерлік басқаруға беру, зейнетақы төлемдерінің түрлері және оларды алу тетіктері туралы баяндайды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты материалды қалай жасау керектігін және тақырып бойынша эксклюзивті түсініктемелерді қайдан табуға болатынын нақты көрсетеді. Сондай - ақ, Әлеуметтік кодекске сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енгізілген жаңалықтармен және 2024 жылы басталатын "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасымен таныстырады.
Өтетін орны: Cisco WebEx вебинар платформасы
Спикерлер: БЖЗҚ және ҚР Ұлттық банкінің сарапшылары
Өткізу уақыты: 23 қараша орыс тілінде және 24 қараша қазақ тілінде сағат 10.00 - ден 13.00-ге дейін.
Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Онда өзі туралы төмендегі ақпараттар қамтылуы тиіс:
ТАӘ,
БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы,
қатысу күні,
электрондық пошта мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен іс-шара туралы хабарлама жіберу үшін).
Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.
* толық бағдарлама осы хаттың қосымшасында берілген.
Онлайн-мектеп бағдарламасы
|
10:00-10:10 |
Ролик – Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі Кіріспе сөз, вебинарға қатысушылармен танысу
|
С.А. Егеубаева – Басқарма Төрағасының орынбасары |
|
10:10-10:45 |
Әлемнің зейнетақы жүйелері, халықтың қартаюы, Қазақстан Республикасындағы ЖЗЖ-ға 25 жыл, БЖЗҚ қызметі
|
К. Фазылова – Стратегиялық даму департаментінің директоры (орысша), Азат Сапин – Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары, Актуарлық есептеулер мен болжамдар бөлімінің бастығы (қазақша) |
|
10:45-11:05 |
Әлеуметтік кодекс. ЖЗЖ-дағы жаңашылдықтар |
Н. Бақтыбаев – Заң департаментінің директоры (орысша) Г. Ағайдарова – Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаментінің бас маманы (қазақша) |
|
11:05-11:25 |
Зейнетақы активтерін ҚР ҰБ-тың басқаруы (зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланып жатқаны туралы тұсаукесер)
|
ҚР ҰБ Монетарлық операциялар департаментінің өкілі
|
|
11:25-11:40 |
Сенімгерлік басқарудағы зейнетақы жинақтары (ИПБ)
|
С. Жауыншиев – Тәуекел менеджменті департаменті Операциялық тәуекелдер бөлімінің бастығы (орысша, қазақша) |
|
11:40-12:00 |
Ұлттық қор – балаларға |
М. Шәріпов – «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры (орысша, қазақша)
|
|
12:00-12:30 |
Зейнетақы жинақтарынан төлемдер (БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері, оларды алу тетігі, enpf.kz сайтынан ақпаратты қалай табуға болады)
|
Г. Кимолаева – Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаменті директорының орынбасары (орысша) Г. Ағайдарова – Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаментінің бас маманы (қазақша) |
|
12:30-12:45 |
БЖЗҚ-ның ақпараттық жұмысы. ЖЗЖ туралы қызық материалды алғашқы көзден алынған ақпараттар негізінде қалай жасауға болады? (Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпарат алудың тікелей арналары: enpf.kz сайты, әлеуметтік желілер, press@enpf.kz, БЖЗҚЕНПФ YouTube-арнасы -қазақстандық және халықаралық сарапшылардың эксклюзивті пікірлері) |
М. Акмаева – Жұртшылықпен байланыс департаменті директорының орынбасары – БАҚ-пен байланыс басқармасының бастығы (орысша), Қадыржан Забих – Жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры (қазақша) |