Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-дан кесте бойынша берілетін зейнетақы төлемдері туралы

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне

енуімен бірге зейнетақы жүйесінде не өзгерді? 

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне еніп, № 5211 Қағидалар қолданысқа енгізілумен қатар БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібіне өзгерістер енгізілді.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап төлемдер зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру сәтінде белгіленген тәртіппен жүргізілетіні заң жүзінде белгіленген.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 жылғы №1042 қаулысымен бекітілген зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесіне сәйкес ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері алушының өтініш берген күнгі зейнетақы жинақтарының сомасынан есептелген болатын. 

Осылайша, № 521 Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, егер БЖЗҚ-дан төлем жасауды жүзеге асыру күніне зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан біржола төленеді.

Кесте бойынша төлем тәртібіндегі басқа тұстар өзгеріссіз қалды. Әлеуметтік Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау төмендегідей жүргізіледі:

 

Бұл ретте әйелдердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау былайша жүргізіледі:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін - 61 жасқа толғанда;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда;

2029 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда;

2030 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда;

2031 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда.

 

Бұдан басқа, зейнет жасына дейін кесте бойынша төлемдер мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға төленеді.

Бірінші жылдағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру күніне қалыптастырылған зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің 6,5 % мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі. Содан кейін алынған нәтиже 12-ге бөлінеді және БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері алынады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады. Келесі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері жыл сайынғы зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайту жолымен қайта есептеледі. 

Белгілі бір санаттағы алушылар үшін: мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ, зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған адамдар үшін түзету көтермелеу коэффициенттері көзделген.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Зейнет жасына байланысты кесте бойынша төлемдер тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгіну қажет.

1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар адамдар төлем тағайындау үшін БЖЗҚ-ға жүгінуі тиіс. Мұны Қор бөлімшелерінің бірінде немесе enpf.kz. сайтындағы Жеке кабинетте жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, осы санаттағы алушылар enpf.kz сайтындағы "Электрондық қызметтер" бөлімі арқылы электрондық өтінім беру арқылы БЖЗҚ мамандарының мобильді тобын шақыра алады.

Дата публикации
11 сентября 2023
Дата обновления
11 сентября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы