Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ салымшылары арасында онлайн-форматтағы қызметтердің танымалдылығы артып келеді

2023 жылдың 5 айында (01.01.2023ж. бастап 01.06.2023ж. дейінгі кезеңде) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшылары мен алушыларына шамамен 10,7 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде 7,4 млн (69,83%) – электрондық форматта, 2,4 млн (22,24%) – автоматты түрде, 277 мыңнан астамы (2,60%) – ақыл-кеңес түрінде қашықтан көрсетілетін форматта ұсынылды. Осылайша, отандастарымыз зейнетақы қызметтерінің шамамен 95% қашықтықтан алады.

Ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ең танымал қызмет – жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат беру. ЖЗШ-дан 9,8 млн. астам (барлық жүргізілген операциялардың 92,35%) үзінді көшірме 2023 жылғы қаңтар-мамыр аралығында берілді. Оның ішінде 7,4 млн (жалпы көлемнің 69,62%) - электрондық форматта, 2,2 млн үзінді көшірме (жалпы көлемнің 20,2%) - автоматты режимде, 235,7 мың (жалпы көлемнің 2,21% ) үзінді көшірме Қор кеңселерінен алынған.

2023 жылдың 5 айында деректемелерді өзгертуге берілген 142,7 мыңнан астам өтініш өңделді.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинетте жинақтар туралы мәліметтерді алумен қатар, олар туралы хабарлау тәсілін таңдауға, жеке деректемелеріңізді өзгертуге, жинақтардың бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аударуға, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыңыздың болжамды есебін жасауға және т. б. көптеген қызметтерді жүзеге асыруға болады.

Жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол алғашқы жарна түскен кезде Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылатынын атап өткіміз келеді. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) немесе ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. Қолданыстағы құжаттың деректемелері және салымшының тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Жыл басынан бері автоматты режимде 128,7 мың ЖЗШ ашылды.

 Автоматты режимде біржолғы зейнетақы төлемдері жүзеге асырылады. Жыл басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге 50,4 мыңға жуық өтініш қабылданды.

Қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігіне қарамастан, Қор мамандарына жеке жүгінуді қалайтын салымшылар да бар. Осылайша, Қазақстан бойынша БЖЗҚ бөлімшелерінде жүзбе-жүз қызмет көрсету арқылы салымшылар мен алушыларға 2023 жылдың 5 айында 567,6 мыңнан астам қызмет (қызметтердің жалпы көлемінің 5,33%) көрсетілді, оның ішінде 481,9 мың қызмет Қордың қызмет көрсету кеңселерінде тікелей іске асырылған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүзбе-жүз форматтағы қызметтер 21,95%-ға аз ұсынылды. Бұл онлайн-қызметтердің танымалдылығының өсіп келе жатқанын растайды. Естеріңізге сала кетейік, сізге жақын жердегі Қор бөлімшесінің мекенжайын www.enpf.kz сайтынан не БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасында нақтылауға болады.

"БЖЗҚ" АҚ еңбек ұжымдарындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына да көңіл бөледі. БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсету бөлімдері – мобильді агенттер мен мобильді кеңселер экипаждары 82,2 мыңға жуық қызмет көрсетті. Жыл басынан бері 316,7 мыңнан астам адам қатысқан кәсіпорындар мен ұйымдарда 14,5 мыңнан астам таныстырылым өткізілді.

"БЖЗҚ" АҚ және "Қазпошта" АҚ-ның шалғай елді мекендерде ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде зейнетақы қызметтерін ұсыну жөніндегі бірлескен жобасы шеңберінде Қор салымшыларына 2023 жылғы 1 маусымға 3,6 мыңға жуық қызмет көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде қызмет көрсету кезінде зейнетақы жинақтары туралы хабарлау тәсілін таңдап, жеке деректемелерін өзгертуге болады.

БЖЗҚ Қор салымшылары мен алушыларына кеңес беру қызметтерін сапалы көрсетуге және ақпараттық арналарды дамытуға ерекше назар аударады. 2023 жылғы 1 маусымға түрлі кері байланыс арналары арқылы алынған 277 мыңнан астам өтініш өңделді.   

БАҚ-та жыл басынан бері 5 ай ішінде БЖЗҚ бастамасы бойынша 17,73 мыңнан астам жарияланым жарық көрді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,01% артық.

Қордың кеңес беру қызметтерін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасында, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алуға болады. 

Дата публикации
21 августа 2023
Дата обновления
21 августа 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы