Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Отандастарымыз жарты жыл ішінде жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы 11,5 млн-нан астам үзінді көшірме алды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға (алушыларға) жарты жыл ішінде (01.01.2023ж. бастап 01.07.2023ж. дейін) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы 11,5 млн-нан астам үзінді көшірме берді. Оның ішінде 8,7 млн (75,8%) электрондық форматта, автоматты режимде – 2,5 млн (21,4%), Қор кеңселерінде – 281,2 мыңы (2,4%) беріліпті. Осылайша, ЖЗШ-дан үзінді көшірме беру БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі болып қала береді.

 

Алты айда Қор салымшыларға (алушыларға) 12,5 млн қызмет көрсетті, оның ішінде электрондық форматта – 8,8 млн., автоматты түрде – 2,7 млн. іске асырылған. Тиісінше, қызметтердің 92% қашықтан көрсетіледі.

 

Алайда, кейбір салымшылар (алушылар) БЖЗҚ-ның жеке көрсетілетін қызметін қалайды. 6 айда күндізгі форматта 663,8 мың қызмет көрсетілді (қызметтердің жалпы көлемінің 5,3%), оның ішінде 570,9 мың қызмет Қор бөлімшелерінде жүзеге асырылған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүзбе-жүз көрсетілетін қызметтер 20,9%-ға аз ұсынылды, бұл онлайн-қызметтердің танымалдылығы артып келе жатқанын растайды. Естеріңізге сала кетейік, сізге жақын орналасқан Қор бөлімшесінің мекенжайын www.enpf.kz сайтынан немесе БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасынан нақтылауға болады.

БЖЗҚ-ның барып қызмет көрсететін бөлімдері де белсенді жұмыс істеуде. Олар 88,6 мыңнан астам қызмет көрсетті, оның 6,6 мыңға жуығы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарға ұсынылған екен.

БЖЗҚ үшін ең маңызды міндет – адамдармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу. Оның мақсаты – сауаттылық деңгейін, зейнетақыны қалыптастыру тәсілдері туралы білім деңгейін арттыру, оны жинақтау мен көбейту үрдісіне тарту. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 17,5 мың жылжымалы таныстырылым өткізілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,6% артық. Таныстыру тұсаукесерін өткізу барысында 379 мың адам жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпарат пен жеке ақыл-кеңес алды.  БАҚ-та жыл басынан бері 6 ай ішінде БЖЗҚ бастамасы бойынша 22,1 мыңнан астам жарияланым жарық көрді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,7% көп.

БЖЗҚ ақыл-кеңес беру қызметтерінің де сапасына ерекше көңіл бөледі. Салымшылар мен алушылар өздеріне қажетті ақпаратты түрлі арналар арқылы, атап айтсақ: 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасында, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан ала алады.  

Дата публикации
21 августа 2023
Дата обновления
21 августа 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы