Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Жыл басынан бері жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы 8, 3 млн үзінді көшірме берілді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға (алушыларға) ағымдағы жылдың 4 айында (01.01.2023 ж.бастап 01.05.2023 ж. дейінгі кезеңде) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жай-күйі туралы 8,3 млн үзінді көшірме берді. Оның ішінде 6,09 млн (73,3 %) – электрондық форматта, 1,99 млн (24%) – автоматты режимде, 193,5 мыңы (2,3%) – Қор кеңселерінде, барып қызмет көрсету арқылы 28,9 мың (0,3%). Осылайша, ЖЗШ-дан үзінді көшірме беру БЖЗҚ-ның ең танымал қызметі болып есептеледі.

Жалпы, 4 айда Қор салымшыларға (алушыларға) шамамен 8,97 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде, электрондық форматта - 6,11 млн, автоматты түрде – 2,16 млн. қызмет жүзеге асырылып,  жалпы көлемінің 92,26% астамы қашықтықтан ұсынылды.

Дегенмен, БЖЗҚ мамандарына жеке жүгінуді қалайтын салымшылар мен алушылар да бар. 4 айда күндізгі қызмет көрсету барысында 468 мыңнан астам қызмет (қызметтердің жалпы көлемінің 5,22%) көрсетілді. Оның ішінде 396,14 мың қызмет Қор бөлімшелерінде іске асырылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүзбе-жүз көрсетілетін қызметтер 25,28% аз ұсынылды. Бұл онлайн-қызметтерге сұраныстың артып келе жатқанын растайды. Естеріңізге сала кетейік, Қордың сізге жақын орналасқан бөлімшесінің мекенжайын www.enpf.kz сайтынан не БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасынан нақтылауға болады.

БЖЗҚ-ның Барып қызмет көрсету бөлімдері де асқан белсенділікпен еңбек етуде. Олар 69 мыңнан астам қызметтің 4,4 мыңнан астамын халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарға ұсынды.

"БЖЗҚ" АҚ және "Қазпошта" АҚ-ның шалғай елді мекендердегі ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде зейнетақы қызметтерін ұсыну жөніндегі бірлескен жобасы аясында Қор салымшыларына 2023 жылғы 1 мамырға 2,7 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде қызмет алу кезінде зейнетақы жинақтары туралы хабарлау тәсілін таңдап, жеке деректемелеріңізді өзгертуге болады.

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы – БЖЗҚ үшін аса маңызды басымдыққа ие стратегиялық міндет. Оның мақсаты – азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейін, зейнетақыны қалыптастыру тәсілдері туралы білімдерін арттыру, оны жинақтау мен көбейту үрдісіне тарту. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 10,78 мың көшпелі таныстырылым өткізілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,27% артық. Таныстырылым барысында 237,8 мыңнан астам адам жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпарат және жеке ақыл-кеңес алды.  БАҚ-та жыл басынан бергі 4 ай ішінде БЖЗҚ бастамасы бойынша 14,45 мыңнан астам материал жарияланды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,64%  артық.

БЖЗҚ ақыл-кеңес беру қызметтерінің де сапасына ерекше көңіл бөледі. Салымшылар мен алушылар өздеріне қажетті ақпаратты түрлі арналар арқылы, атап айтсақ: 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, БЖЗҚ/ENPF ұялы қосымшасында, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsApp және Viber чат-боты арқылы және БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан ала алады. Қор мамандары жыл басынан бері барлығы 710 мыңнан астам өтінішті өңдеді.

Дата публикации
06 июня 2023
Дата обновления
06 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы