Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қандай төлемдер төленеді

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекет тарапынан көмек алуға құқылы. Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесі көп деңгейлі болып табылады және әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдерді, әлеуметтік оңалтудың бөлігі ретінде ағзаның жоғалған функцияларын өтеуді және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді қамтиды.

         Бірінші деңгей – негізгі болып табылады. Бұл бюджет есебінен төленетін мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар. Олардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне, сондай-ақ мүгедектік тобына және себебіне байланысты.

          Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне Ақмола облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 20596 адамды құрайды. Жыл басынан бері мұндай жәрдемақы 3,5 млрд теңге көлемінде төленді.

          Екінші деңгей Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МСӘҚ) есебінен құралады. Олар жұмыс берушілері төлеген аударымдары бар, жұмыс істейтін қазақстандықтарға тиесілі.

          Бұл әлеуметтік төлемдердің мөлшері қызметкердің табысына, мүгедектік дәрежесіне және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін төлемдердің ұзақтығына байланысты. 2023 жылдың 1 сәуіріне облысымызда 3732 алушы болса, бұл төлемдердің орташа сомасы 29197 теңгені құрайды. Жыл басынан бері мұндай жәрдемақы 308,9 миллион теңге көлемінде төленді.

          Сондай-ақ Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың үшінші деңгейі – сақтандыру ұйымының төлемдері бар. Егер еңбекке қабілеттілігін жоғалту еңбек жарақатымен немесе кәсіптік аурумен байланысты болса және зардап шеккен қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылса, онда ол сақтандыру төлемдерін алуға құқылы.

           Мемлекеттік әлеуметтік төлемдер мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдерді тағайындау үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ, азаматтар мүгедектікті бастапқы анықтау кезінде медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесінде eGov электронды үкімет порталы арқылы жүгіне алады.  eGov мобильді қосымшалары, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы проактивті қызмет арқылы – бұл ретте ұялы телефон нөмірі ХҚКО арқылы мобильді азаматтардың деректер базасында тіркелуі тиіс.

Дата публикации
14 апреля 2023
Дата обновления
14 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы