Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Зейнетақыны алуға уақытылы хабарласыңыз!

2022 жылы зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бірақ оларды алуға уақытылы жүгінбеген 7 мыңға жуық адам зейнетақы төлемдеріне ие болды. Оның  4,5 мыңы – әйелдер, 2,5 мыңы – ер адамдар. Бұл БЖЗҚ-ның жыл сайын "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес Акционерлік қоғамымен  бірлесіп, зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын, бірақ төлем алуға Қорға өтініш білдірмеген адамдарды анықтау тұрғысынан жүргізетін салыстырып тексеру нәтижесінде жүзеге асты.

Бұл қызметті Мемлекеттік корпорация аталған санаттағы 24 мың адамға проактивті форматта көрсетті.

Сонымен қатар  БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациясымен өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша алушылардың көрсетілген санатына электрондық пошта және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының телефон нөмірлері арқылы қосымша таргеттелген ақпарат беру туралы шешім қабылдады.         

Таргеттелген ақпараттандыру нәтижесінде Қор 20 мыңға жуық зейнетақы төлемдерін алушыларды хабардар етті.

БЖЗҚ зейнетақыны алуға уақытылы жүгінуді ұсынады және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне белгіленген кесте бойынша зейнет жасына толған адамдардың: ерлер – 63 жасқа толғанда, әйелдер – 61 жасқа толғанда (2028 жылға дейін), сондай-ақ, егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе бірінші және екінші топтағы мүгедектердің құқылы екендіктерін хабарлайды. Бұл ретте, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылатынын атап өтеміз.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін:

зейнет жасына толғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне жүгіну қажет;

мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектікпен – тікелей БЖЗҚ кеңсесіне хабарласуға не электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинетте тиісті өтініш беруге болады.

Толық ақпаратты Қордың кеңселері немесе интернет-ресурстарынан, сондай-ақ, 1418 тегін нөмірі бойынша алуға болады.

Дата публикации
05 апреля 2023
Дата обновления
05 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы