Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

«Ақмола облысы Есіл ауданы Қаракөл ауылдық округі әкімінің» ММ қызметі туралы 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.

Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы»,  Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 6 қызмет көрсетеді.

Қаракөл ауылдық округінде 182 аула бар, халық саны 526 адамды құрайды. «Ақмола облысы Есіл ауданы Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Қаракөл ауылы, Речная көшесі, 6, инд.: 020998.

Тізілімге сәйкес әкім аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

- елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

-сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

- жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату;

- жер учаскесін алу үшін кезекке қою;

- жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

2022 жылы Қаракөл ауылдық округі бойынша 219 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті:

- мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқық алу-2;

- «е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызмет алынды -217.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП, ХҚО арқылы және тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну мүмкіндігі бар.

Барлық мемлекеттік қызметтерге бекітілген стандарттар мен бар.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

- сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық алу.

 

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында әкімдік ғимаратында ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен  орналастырылған. Мемлекеттік органның үй-жайы қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күту үшін отырғызу орындарымен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік мекеменің ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпараты бар стенд орналастырылды, "Қаракөл АШК" ЖШС кеңсесінің алаңында электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді алу туралы ақпараты бар 1 баннер орналастырылды.

Округте мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары жүйелі түрде жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша іс-шаралар өткізілді:

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- ауылдық округірде «E-gov» қолжетімділік өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар;

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте назар аударылады.

Азаматтардың қолайлылығы үшін Қаракөл аулдық округі әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, онда «электрондық үкімет» веб-порталы Egov.kz арқылы үшін интерннетте қолжетімді компьютер бар, әрбір өтініш білдіретін адам мемлекеттік қызметті электронды түрде дербес, не маман көмегімен, өзімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбамен(ЭЦҚ) мемлекеттік қызметтерді алуын болады.

 

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. ZOOM онлайн форматында оқу өтті.

Есіл ауданының әкімдігінде аудандық семинар-кеңестер өткізілді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.

 «Ақмола облысы Есіл ауданы Қаракөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және бекітілген стандарттар мен бойынша «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері жоқ.

Өтініш берушілер мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық пакетін қалыптастыру тәртібін түсіндіреді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөлімімен "Ақмола облысы Есіл ауданы Қаракөл ауылдық округінің аппараты" ММ-де 2022 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары жүргізілген жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

2022 жылы "Ақмола облысы Есіл ауданы Қаракөл ауылдық округінің аппараты" ММ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізілген жоқ.

4)Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдардың болмауы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің нәтижелері болып табылады.

Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының тұрақты бақылауында.

  1. Одан әрі тиімділігін арттыру перспективалары

көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануы

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

1) мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;

2) мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалатын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету: уәкілетті органда ақпараттық стендтерді жаңарту, стандарттарды ресми интернет-ресурста уақтылы орналастыру, аудандық газеттерде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы мақалаларды жариялау;

6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

7) «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту»;

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының деңгейі қазіргі заманғы мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі болып табылады-мемлекеттік қызмет көрсетудің инновациялық және тиімді стандарттарын енгізу мемлекеттік шығындарды қысқартуға, сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтар тарапынан үкіметке деген сенімді нығайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы 2022 жыл ішіндегі жұмыс көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыруға бағытталды.

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы