
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Есіл қаласы әкімі аппараты қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін беретін жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде «Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және бекітілген стандарттарды басшылыққа алады.
«Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, Д. Қонаев көшесі 15, инд.: 020900 мекенжайында орналасқан.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.
Тізілімге сәйкес қала әкімінің аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
- сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
- жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату;
- жер учаскесін алуға кезекке қою;
- жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту.
2022 жылы атқарушы органмен 2254 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 12 жеке тұлға, 1 заңды тұлға;
- елді мекен шегінде құрылыс объектілерін салу үшін жер учаскесін беру – 3 жеке тұлға;
- Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігі жер телімдеріне құқықтарды сатып алу - 43 жеке тұлға, 28 заңды тұлға;
- жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп, не бөліп төлеу арқылы сатып алу - 8 жеке тұлға, 1 заңды тұлға;
- жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту - 7 жеке тұлға;
- жер учаскесін алу үшін кезекке қою - 2151;
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі. Көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП, Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету стандарты мен қағидаларына сәйкес түсіндіру үшін жүгіну мүмкіндігі бар.
Барлық мемлекеттік қызметтерге бекітілген стандарттар мен ережелер бар.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
- Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігі жер телімдеріне құқықтарды сатып алу - 43 жеке тұлға, 28 заңды тұлға;
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтерді көрсету талаптары мен тәртібі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартында және қағидаларында айқындалады. Стандарттар мен қағидалардың қолжетімділігін, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін ауылдық округ әкімі аппаратында «Мемлекеттік қызметтер көрсету» стендтері ресімделді. Ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері, сондай-ақ стендтерде «Электрондық үкімет» веб-порталының жадынамалары орналастырылған. Мемлекеттік органның үй-жайы қажетті ұйымдастыру техникасымен, жиһазбен, күтуге арналған орындармен қамтамасыз етілген. Әкімдікте мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шаралары үнемі өткізіліп тұрады.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Есіл қаласы әкімі аппаратының 1 қабатында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін интернетке шығатын компьютер бар Egov.kz. жүгінген әрбір азамат мемлекеттік қызметті электрондық түрде өз бетінше немесе маманның көмегімен, өзімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бола отырып ала алады).
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасы.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
2022 жылы Есіл қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттырудан өткен жоқ, өйткені оқыту кестеге сәйкес өтуде.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін нормативтік-құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Есіл ауданы әкімінің аппаратына жіберіледі.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
«Ақмола облысы Есіл ауданы Есіл қаласы әкімінің аппараты» ММ-де 2022 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары жүргізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы Есіл қаласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға келесі іс шаралар жоспарланған:
1.мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;
4.мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету: мемлекеттік мекемедегі ақпараттық стендтерді жаңарту, аудандық газетте мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мақалалар жариялау;
5.мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру;
6.мемлекеттік қызметтер көрсетуді түсіндіре отырып, тікелей эфирлерге қатысу;
7.мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);
8.негізсіз бас тарту фактілерін анықтау;
9.өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша мониторинг жүргізу;
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Есіл қаласы әкімінің аппараты қызметі туралы 2022 жылға есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар gorod_esil@mail.ru электрондық мекен жайы, 8(71647)20607 телефоны бойынша қабылданады.