Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

«Ақмола облысының Есіл ауданының Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметі туралы 2022 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша есебі

1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәлімет

Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қол жеткізу Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының
цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы»,  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар 6 қызмет көрсетеді.

Двуречный ауылдық округінде 572 аула бар, халық саны 1547 адамды құрайды. «Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Двуречный ауылы, Ленина көшесі, 9/2, инд.: 020904.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Тізілімге сәйкес әкім аппараты 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

- елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

-сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

- жер учаскесін жекеменшікке бөліп төлеуге сату;

- жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

2022 жылы Двуречный ауылдық округі бойынша 87 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті:

- жеке тұлғаның сауда-саттығын (конкурстарын, аукциондарын) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу - 8.

- заңды тұлғаның сауда-саттығын (конкурстарын, аукциондарын) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу - 4.

- «е-gov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметтер алынды-75.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тегін негізде жүргізіледі, сондай-ақ көрсетілетін қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың ЭҮП, ХҚО арқылы және тікелей көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну мүмкіндігі бар.

Барлық мемлекеттік қызметтерге бекітілген стандарттар бар.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.

Ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

 Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық алу.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, өтініш үлгілері орналастырылған стенділер жабдықталған.

Есіл ауданының ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, шағымдану тәртібі, көрсетілетін қызметті берушілердің байланыс деректері, сондай-ақ қызметтерді онлайн форматта алу жөніндегі нұсқаулықтар орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен қозғалатын ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:

- әкімдік ғимаратында электрондық мемлекеттік қызметтердің «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылды. Бұрыш компьютермен, принтермен, картаны оқу құралымен жабдықталған. .2022 жылы «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы көрсетілетін қызметті алушылар -149 қызмет алды

- ауылдық округтерде «E-gov» қолжетімділік бұрыштары ашылды;

-Instagram әлеуметтік желісінде Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы 2 жарияланым орналастырылды.

 Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін автоматтандыруға және оларды электрондық түрде көрсету сапасын арттыруға бірінші кезекте назар аударылады.

Азаматтардың қолайлылығы үшін Двуречный аулдық округі әкімі аппаратының ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, онда «электрондық үкімет» веб-порталы Egov.kz арқылы үшін интерннетте қолжетімді компьютер бар, әрбір өтініш білдіретін адам мемлекеттік қызметті электронды түрде дербес, не маман көмегімен, өзімен бірге электрондық цифрлық қолтаңбамен(ЭЦҚ) мемлекеттік қызметтерді алуын болады.

Қызметкерлер мемлекеттік қызмет көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Есіл ауданының әкімдігінде аудандық семинар-кеңестер, сондай-ақ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары нормалары мен талаптарына сәйкес қызмет көрсету деңгейін арттыру бойынша ZOOM арқылы конференциялар өткізілді.

- жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді;

«Ақмола облысы Есіл ауданы Двуречный ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының, Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары басшылыққа алады.

 

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдайды;

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Мемлекеттік органның қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік – құқықтық жетілдіру жөніндегі ұсыныстар Ақмола облысы Есіл ауданы әкімінің аппаратына жолданады.

 

4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).

2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген мерзімдерін бұзу фактілері жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөлімімен "Ақмола облысы Есіл ауданы Двуреченский ауылдық округінің аппараты" ММ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары 2022 жылы өткізілді.

Ішкі бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдардың болмауы болып табылады. Ауыл тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының тұрақты бақылауында.

 

5.Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

1.мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг жүргізу;

2.мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары тыңдалатын аппараттық кеңестерге, әкімдік отырыстарына қатысу;

3.бекітілген бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау тұрғысынан бақылау іс-шараларын жүргізу;

4.мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері туралы тұтынушыларды танымал ету және хабардар ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

  1. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету: ауыл әкімдігінде ақпараттық стендтерді жаңарту, стандарттарды уақтылы орналастыру;

6.мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

7.мемлекеттік қызметтерге шағымдануды бақылау (негізделген шағымдар бойынша шаралар қабылдау);

  1. негізсіз бас тартуға жол бермеу;

9.«Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұлғайту»;

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қолданылатын ескірген компьютерлік техниканы жаңарту;

2022 жылғы Есіл ауданы Двуречный  ауылылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебін талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсыныстар мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: esil_dvurechensk@aqmola.gov.kz телефон бойынша 8(71647)27347

Дата публикации
28 февраля 2023
Дата обновления
28 февраля 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы