
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Ақсай ауылының жергілікті атқарушы органы қызметінің негізгі бағыты халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін ұсынатын жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру, сондай-ақ оларға материалдық және материалдық емес игіліктер беру, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Конституциясына және бекітілген стандарттарға негізделген "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
1) 2021 жылы Есіл ауданы Ақсай ауылының жергілікті атқарушы органы мемлекеттік қызметтің 5 түрін тегін, ақылы негізде – 0 көрсетті.
|
№ |
Атауы |
Көрсетілген мемлекеттік қызмет саны |
|
1 |
Жер қатынастары саласында |
5 |
|
|
Барлығы 2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер |
5 |
"Электрондық үкімет порталы" арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 5 түрі бар.
2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 105 құрады, оның ішінде:
- «Мемлекеттік корпорация» арқылы - 1;
- электронды түрде барлығы - 104;
- қызмет көрсетушілер арқылы – 0.
3) Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат.
Сауда саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскілеріне құқықтарды алу - 4;
Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскілерін беру - 1;
Жер учаскесін алу үшін кезекке қою – 100.
2.Мемлекеттік қызмет алушылармен жұмыс.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз ету мақсатында «Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында орналасқан қалқаншаларында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша ақпараттар орналасқан, ол стандарттар мемлекеттік қызметтерге қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Тұрғындар арасында жиналыстарда түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. «Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының сыртында сәйкес баннерлер орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын есепке алу мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын жария талқылаулар бойынша есептер Есіл ауданы әкімінің сайтында орналастырылады, онда аудан тұрғындары есептермен өз бетінше таныса алады, сондай-ақ сұрақтар қойып, түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мақсатында қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді:
- Ақсай ауылының әкімдігінде «Е-gov» кіру бұрышы ашылды;.
Сондай-ақ, ауыл әкімдігінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" бар. Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін бұрыш компьютермен, принтермен, картридждермен жабдықталған. 2022 жылы «өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы қызмет алушылар 400 қызмет көрсетілді.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөлімімен «Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты» ММ-де 2022 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары жүргізілген жоқ.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Есіл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау бөлімімен "Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты" ММ-де 2022 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шаралары жүргізілген жоқ.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың әкімдері, ауылдық округтер ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша қатысады.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру бойынша 2 қызметкер оқытылды.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік құқықтық жетілдіру.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін нормативтік – құқықтық жетілдіру бойынша ұсыныстар Есіл ауданы әкімінің аппаратына жолданады.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат (қосымша).
2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері.
«Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты» ММ-де 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар өткізілген жоқ.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы «Ақмола облысы Есіл ауданы Ақсай ауылы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
2022 жылға арналған Ақсай ауылы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есепті талқылау бойынша ұсыныстар, ескертулер, ұсынымдар мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: esil_aqsai@aqmola.gov.kz телефон арқылы +8 (71647) 29230.