Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ қызметтерінің қолжетімділігі «Қазпошта» АҚ арқылы ұлғаюда

«БЖЗҚ» АҚ өз қызметтерінің қолжетімділігін үнемі жетілдіріп келеді. «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық –  Қор салымшыларымен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің бірі

2022 жылы Қор қызметтерін көрсету барысында «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің санына пошта операторының тағы 27 бөлімшесі қосылып, 376-ға  дейін ұлғайтылды. Бұл шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына, қажет болған жағдайда, өздерінің жеке деректеріне өзгерістер енгізуге, сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың неғұрлым танымал әрі ыңғайлы тәсілін нақтылап, таңдауға мүмкіндік береді.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ бірлескен жобасының арқасында 2019-2022 жылдар аралығында салымшыларға (алушыларға) 35 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде 11 мыңнан астам салымшы электрондық хабарлау тәсілін таңдады. 23 мыңнан астам адам жеке деректемелерін өзектендірді. БЖЗҚ қызметтеріне ең көп сұраныс Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде Қордың салымшылары (алушылары) келесі қызметтерді алады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелерін, телефон нөмірін, электрондық және пошталық мекенжайларын) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру;
  • хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімге қол қою («электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып, жеке кабинет арқылы» және «электрондық пошта арқылы» тәсілдеріне өзгерту).

Қосымша деректемелер мен ақпараттандыру тәсілін өзгерту бойынша БЖЗҚ қызметтерін алуға болатын «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің тізімін enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» бөлімінен таба аласыз

Сонымен қатар, БЖЗҚ қызметтерінің басым бөлігін үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде enpf.kz корпоративтік сайтындағы Жеке кабинет немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында алуға болатынын хабарлаймыз.

Дата публикации
09 февраля 2023
Дата обновления
09 февраля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы