Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы ХӘҚҚ Еуропалық желісі (IEN) Басқарушы комитетінің мүшесі болып тағайындалды

Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) 1927 жылы Халықаралық еңбек ұйымының қолдауымен құрылды және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік мекемелерді, ұйымдар мен ведомстволарды біріктіретін халықаралық жетекші ұйым болып табылады. Ұйымның штаб-пәтері Женева қаласында (Швейцария) орналасқан, оған әлемнің 150 елінде 320-дан астам мүшелік ұйым тіркелген. БЖЗҚ 2015 жылғы 1 мамырдан бастап ХӘҚҚ-ға мүше. .

2022 жылдың қазан айында өткен дүниежүзілік ХӘҚҚ форумында «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Бостанұлы Құрманов 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі үш жылдық кезеңге ХӘҚҚ  Еуропалық желісінің (IEN) Басқарушы комитетінің мүшесі болып тағайындалды. Келесі күні бұл мәртебенің құжаттық растамасы келіп түсті.

IEN басқару комитеті ХӘҚҚ мүше елдердің еуропалық ұйымдарының бас директорларынан тұрады. Комитет еуропалық аймақта ХӘҚҚ іс-шаралар бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қоғамдық жұмыстармен айналысады. Оның қызметі Еуропадағы қатысушы ұйымдар арасында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Оны IEN Хатшылығы мен ХӘҚҚ Бас хатшылығы бірлесіп қолдайды.

Басқару комитеті IEN іс-шараларын жоспарлау және жүзеге асыру бойынша ұсыныстар береді. Ұйым мүшелерін ХӘҚҚ Бюросының қазіргі мүшелері тағайындайды.

IEN еуропалық қатысушы ұйымдардың басым тақырыптары бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Олардың негізгі бағыты заманауи интерактивті әдістемелерді қолдана отырып, тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. 

Дата публикации
20 декабря 2022
Дата обновления
20 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы