Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы жинақтарының 2023 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегі

Заңнама талаптарына сәйкес, БЖЗҚ жаңа жыл басталғанға дейін бір ай бұрын 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) бұқаралық ақпарат құралдарында және Қор сайтында жариялады. Атап кету керек, 2023 жылға белгіленген ТЖШ жас мөлшеріне  байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Кейбір шекті мәндердің өзгеруі оларды есептеу кезінде жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштердің ескерілуімен түсіндіріледі. 

2023 жылға ең төменгі жалақы 70 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды деп көзделген. Шекті мәндерді есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің де мөлшері көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңда «зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақымен қамсыздандыру үшін қажетті міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының ең төмен мөлшері» деп айқындалған.

          ТЖШ есептеу әдістемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 Қаулысымен бекітілген  (2021 жылғы 6 қаңтардағы өзгерістер мен толықтырулармен).

Бекітілген Әдістемеге сәйкес, ең төменгі жеткілікті шек шамалары әр жас мөлшері үшін жеке анықталады және болашақ зейнетақы төлемдері мен зейнетақы жарналарының өсуін (индекстелуін) ескереді.

Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі - бұл салымшының зейнетке шыққаннан кейін ең төменгі базалық зейнетақымен қоса ең төменгі зейнетақыдан кем емес жиынтық төлемдер алуы үшін шотында қалуға тиісті ең төменгі сома.

Дата публикации
14 декабря 2022
Дата обновления
14 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы