Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

Құрметті журналистер, блогерлер және журналистика факультетінің студенттері!

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы, заңның белгілі бір нормаларын түсіндірудегі, қаржылық сауаттылықты арттырудағы және әлеуметтік, саяси және қоғамдық өмірдің барлық қырларын шынайы берудегі рөлі өте маңызды.

Көп нәрсе журналистке және олардың материалдарда қамтылған мәселелерді түсінуіне байланысты. Осыған байланысты, «БЖЗҚ» АҚ Сізді «Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы журналистикасы мектебі» атты жыл сайынғы семинарға қатысуға шақырады. Зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақпараттандыруға және оқытуға бағытталған іс-шара 2022 жылғы 24 қарашада (бейсенбі) орыс тілінде және 2022 жылғы 25 қарашада (жұма) қазақ тілінде онлайн-форматта өтеді.

Курс бағдарламасы жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы рейтингтік материалдар жасауға көмектеседі. Олар оқырмандарыңыз бен көрермендеріңіз үшін қызықты болмақ. Өйткені, барлық қазақстандықтар зейнетақы капиталын қалыптастыруға мүдделі. Қор сарапшылары арқылы Сіз  Қазақстанның зейнетақы жүйесінің аралас түрін неге таңдағаны,  ЕАЭО елдерінде зейнетақы құқықтарының қалай іске асырылатыны жайында мағлұмат алып, басқа елдердің тәжірибесімен де танысып, бар ақпаратты мақсатты аудиторияңызға жеткізе аласыз. 

Сарапшылар зейнетақы шотындағы жинақтың қалай инвестицияланатыны, болашақ зейнетақы төлемдерін қалай есептеу керектігі, Қордың электрондық сервистерін пайдалануды үйрету, сондай-ақ, ЖЗЖ және БЖЗҚ қызметі туралы ең өзекті ақпаратты қалай жедел алу керектігі туралы де баяндап береді.

Өтетін орны: Cisco WebEx вебинар платформасы

Спикерлер: БЖЗҚ және ҚР Ұлттық банкінің сарапшылары

Өткізу уақыты: 24 қарашада орыс тілінде және 25 қарашада қазақ тілінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін

Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет өзі туралы ақпаратты көрсету керек:

ТАӘ,

БАҚ немесе оқу орнының атауы (студенттер үшін),

қатысу күні,

электрондық пошта мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен оқиға туралы ескертулерді жіберу үшін).

Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

Дата публикации
22 ноября 2022
Дата обновления
22 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы