Логотип Акимата Есильского района

Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-дан зейнет жасына жетуіне байланысты берілетін төлемдердің сомалары артуда БЖЗҚ-ның 2022 жылғы 1 қазандағы негізгі көрсеткіштері

2022 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 14,1 трлн теңге  зейнетақы жинақтары қалыптасты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, зейнетақы жинақтарының өсімі 1 трлн теңгеден (немесе 7,8 %) асты.

Қазақстандықтардың жинақтарының 97% міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылды.  МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарында (ЖЗШ) 1 қазанға 13,7 трлн теңге жинақталған (бір жылдағы өсім 7,4% құрады). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы өткен жылдың 1 қазанынан бастап 21% ұлғайып, 422,4 млрд теңгені құрады. Ең үлкен өсімді - бір жылда 90% астам - ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олар шамамен 3,1 млрд теңгені құрады.

2022 жылдың тоғыз айында салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 1,2 трлн теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 29% немесе 278,5 млрд теңгеге көп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек. 

Салымшылар мен алушылардың шоттарына таза инвестициялық табыс түрінде шамамен 717 млрд теңге түсті.

2022 жылдың 1 қазанына БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 12,0 млн бірлікке жетті. Оның 10,9 млн. - міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды. МКЗЖ бойынша қалыптасқан шоттар - 584 742 бірлік болса, ЕЗЖ есебінен қалыптасқан ЖЗШ саны 349 277 бірлікке жетті.  

Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 1,1 триллион теңгеден асатын сома төледі. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады – 879 млрд теңге. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен көп көлемге артық.

Жасы бойынша төлемдер 21% ұлғайып, шамамен 87 млрд теңгені құрады. Айта кету керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша орташа айлық төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 29 868 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 707 326 теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңіндегі ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды.  

Сондай - ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер - 47,6 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер - 37,6 млрд теңге, мүгедектік бойынша төлемдер – 1,8 млрд теңге, жерлеуге төлемдер - 4,1 млрд теңге жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына шамамен 19,5 млрд теңге аударылды.

Дата публикации
22 ноября 2022
Дата обновления
22 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

09 марта 2026
Ақмола облысының аудандық және қалалық байланыс орталықтары
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру
Ережелер мен рәсімдер
03 ноября 2025
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы