ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 12 сәуірде Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті.
Есіл аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Есіл ауданының Интернациональный ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 346 азамат енгізілді, олардың 261-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, "Барлығына қарсы" жолында белгісі бар - 41.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әбдиев М.Е. – 12; Бальцер К.А. – 191; Бекжанова А.М. – 12.
2000 жылы туған Бальцер Константин Андреевич Интернациональный ауылдық округінің әкімі болып сайланды, "Ақмола облысы Есіл ауданы Красивинский ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы, Есіл ауданының Есіл қаласында тұрады, "AMANAT"партиясы ұсынған.
Есіл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы